ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРІНДЕГІ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ЖАҚСАРТУ ҮШІН ДӘНДІ-БҰРШАҚТЫ ШӨП ҚОСПАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Токушева Асель Салимжановна А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті https://orcid.org/0000-0003-3636-8117
  • Нугманов Алмабек Батыржанович А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Қуанышбаев Сеитбек Бекенович А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Бугубаева Алия Узбековна А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_102

Кілт сөздер:

агрофитоценоз, дәнді-бұршақ, шөп қоспалары, жемдік дақылдар, өсімдіктердің тығыздығы, өсімдіктердің биіктігі, өнімділік

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның солтүстік өңірі жағдайында көптүрлі агрофитоценоздардың өнімділігін зерттеу барысында алынған мәліметтер көрсетілген. Зерттеу әдістемесіне сәйкес сипаттама берілген, сонымен қатар солтүстік өңірдегі жайылымдардың өнімділігін арттыру үшін дәнді-бұршақ шөп қоспаларын пайдалану бойынша егістік тәжірибелерінің нәтижелері көрсетілген. Солтүстік өңірдің 2023 жылдың вегетациялық кезеңінде алынған метеорологиялық көрсеткіштері берілген. Зерттеу барысында топырақтың агрохимиялық талдауы; дәнді-бұршақты шөп қоспасының тығыздығын есепке алу мәліметтері; дәнді-бұршақты шөп қоспасының биіктігі, шөп шабу және өлшеу арқылы және шөп қоспасының түрлік құрамы бойынша талдауы; сондай-ақ үлгілерді ауа-құрғақ күйге дейін кептіру арқылы дәнді-бұршақты шөп қоспасының өнімділігі анықталды. Өсімдіктердегі хлорофиллдің құрамын экспресс әдіспен өлшеу арқылы өсімдіктердің фотосинтетикалық белсенділігі N-tester SPAD 502 Plus Chlorophyll Meter құралымен анықталды, ол өсімдіктердің азотты қоректену деңгейін даладағы жапырақтардағы хлорофилл құрамы бойынша анықтауға арналған. Осылайша, зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерден кейін Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіру үшін жоғары өнімділігі мен тағамдық құндылығы бар, сондай-ақ осы өңірдің топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген дәнді-бұршақты шөп қоспаларын таңдау қажет деген қорытынды жасауға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Токушева Асель Салимжановна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, агрономия кафедрасының аға оқытушысы

  • Нугманов Алмабек Батыржанович, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ауылшаруашылық ғылым факультетінің декан м.а.

  • Қуанышбаев Сеитбек Бекенович , А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    География ғылымдарының докторы, Басқарма Төрағасы-Ректоры

  • Бугубаева Алия Узбековна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ғылыми және коммерцияландыру басқармасы бастығының орынбасары

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары