ЖОҢЫШҚА ТҰҚЫМЫНЫҢ СЕБУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП,БИОПРЕПАРАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_71Кілт сөздер:
жоңышқа, тұқым, биопрепараттар, өну энергиясы, зертханалық және далалық тұқым өнгіштігіАңдатпа
Жоңышқа (Medicago L.), бүкіл әлемде құнды жемшөп, бұршақ дақылдары ретінде кеңінен қолданылады,бірақ Қазақстанда бірқатар себептерге байланысты егіс алқаптары жеткіліксіз.
Тұқымдардың өнуін арттыруға, өсімдіктердің өмір сүруіне, бейімделуіне, олардың өнімділігі мен егін сапасын арттыруға ықпал ететін әртүрлі агротехнологиялық әдістер әзірленді.
Олардың бірі биологиялық препараттарды қолдануы.
Бұл мақалада BioSleep BW+Foliar, Orgamica S+Foliar, Organit N+ Organit P+ Biodux+Foliar және Foliar биопрепараттарымен жоңышқа тұқымын себу алдындағы өңдеудің егіс сапасына әсері бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Тұқымдарды өңдеуге арналған жұмыс сұйықтығының шығыны 100 г-ға 0,2 мл құрады, тұқымдарды өңдеу кезінде өну энергиясы 5-20% - ға, зертханалық өнгіштігі 4-13,5% - ға, далалық өнгіштігі 1-10% - ға артқаны анықталды. Өну энергиясы бойынша-75,3% biosleepbw+Foliar препараттары ең жоғары нәтиже көрсетті.Зертханалық және далалық өнуі OrganitN+ OrganitP+Bidux+Foliar препараттар нұсқасында жоғары – тиісінше 84% және 50%.Осылайша, биопрепараттарды қолдану барысында жоңышқа тұқымдарының өну энергиясын, зертханалық және далалық өнгіштігін едәуір арттырады.