БИОЛОГИЯЛАНДЫРЫЛҒАН ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МАҚСАРЫНЫҢ АГРОЛАНДШАФТТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кілт сөздер:
мақсары, биологиялық технология, өсу және даму, өнімділік, май құрамыАңдатпа
Мақсары өсірудің биологиялық технологиясын зерттеу бойынша далалық тәжірибелер
Батыс Қазақстанның құрғақ далалы аймағында көктем-жаз кезеңдерінде жүргізілді. Зерттеу
барысында дәстүрлі технология мен биологиялық препараттар мен био тыңайтқыштарды
қолдану технологиясы зерттелді. Мөлдектердің ауданы 50 м2, қайталануы үш рет, мөлдектердің
орналасуы кездейсоқ. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, 2020 жылдың жағдайында
Биодукс биопрепаратын, Orgamica S биофунгицидін және Organit N, Organit P биотыңайтқыштарын
(биологиялық технология) тұқымды дәрілеу және өсімдіктерді вегетация кезеңінде бүрку арқылы
бірге қолдану 2,29 ц/га деңгейінде мақсарының жоғары өнімі алынды. Дәстүрлі технологияны
қолдану мақсарының биологиялық өнімділігін 0,57 ц/га немесе 33,13%-ға төмендетті. Мақсары
майының салыстырмалы зерттеулері нәтижесінде биологиялық технологияны қолдану кезінде
майдың 30,0% -ға дейін жоғарылағаны анықталды.
Түйінді сөздер: мақсары, биологиялық технология, өсу және даму, өнімділік, май құрамы