ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_164Кілт сөздер:
қашықтықтан оқу, технологиялар, әдіс, инновация, үдерісАңдатпа
Мақалада білім беру технологияларының бірі ретінде қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері берілген. Мақаланың негізгі мақсаты – қашықтықтан оқытуды заманауи білім беру үдерісінде белсенді түрде қолданылатын инновациялық технология ретінде қарастыру. Қолданылған әдістер:педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау, тәжірибені жүйелеу және жалпылау, педагогикалық тәжірибені зерттеу, бақылау, қызмет өнімдерін талдау, сандық және сапалық талдау, сондай-ақ математикалық статистика. Білім беру процесі білімді жүйелеу мен беруге бағытталған дүниенің ғылыми бейнесін өз мазмұнында жаңғырту, олардың өзара байланысында мазмұнды, нысандарды, құралдарды, оқыту әдістерін біріктіру деп түсініледі. Авторлар заманауи инновациялық технологиялар мен цифрлық революция сияқты аспектілерді талдайтын ғалымдардың еңбектерін; экономиканы цифрландырудың шетелдік тәжірибесін; карантин жағдайындағы қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін қарастырды. Білім беру технологиясы оқыту мен оқудың бүкіл білім беру процесін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі болуы керек. Білім беруді дамытудың инновациялық тетіктері берілген. Қашықтықтан оқытуға талдау жүргізіліп, осы оқыту технологиясының қолданбалы әдістері мен ерекшеліктері көрсетілді. Қашықтықтан білім беру қазіргі қоғамда өзекті болып табылады, әсіресе студенттердің әртүрлі жағдайларға байланысты офлайн сабақтарға қатысу мүмкіндігінен айырылған бөлігі үшін.