АЛИМЕНТАРЛЫ ФАКТОРДЫҢ СҮТТІ СИЫРЛАРДАҒЫ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПРОФИЛЬГЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • Тегза Иван Миколошевич Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Тегза Александра Алексеевна Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Ахметчина Толкынай Акангалиевна А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Кравцов Илья Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_3_23

Кілт сөздер:

азуқтандыру, қанның биохимиялық құрамы, қанның жалпы талдауы, ұрықтылық

Аңдатпа

Мақалада голштеин сиырларының гематологиялық көрсеткіштеріне алиментарлық фактордың әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Сиырлардың қысқы рационының азығына талдау жасалып, жалпы және биохимиялық қан анализі жүргізілді.

Азықтық рационды талдау нәтижесі құрғақ заттың артық болуын және құрамында шикі және сіңімді ақуыздың, шикі клетчатка, шикі майдың құрамының жетіспеушілігін, Са және Р макроэлементтерінің, каротиннің жетіспеушілігін көрсетті.

Сауынды сиырлардың рационындағы ауытқулар жануарлардың гематологиялық көрсеткіштерінен көрінетіні анықталды. Сонымен, тәжірибелік жануарлардың қан сарысуында глюкозаның, темірдің, марганецтің, кальцийдің, мырыштың, мыстың, никельдің және кобальттың айқын тапшылығы байқалды. Бұл физиологиялық нормадан ауытқулардың барлығы азықтындырудың химиялық құрамына тікелей байланысты.

Бұл элементтердің жетіспеушілігі остеодистрофияның дамуына, жыныстық гормондардың түзілуінің бұзылуына (марганец тапшылығы), нәтижесінде күйек мерзімінің ұзаруына әкеледі.

 Олар жануарлардың ағзасындағы зат алмасу процестерінің және соның салдарынан ұрықтану қабілетінің бұзылуына әкеледі. Қанның гематологиялық көрсеткіштерінде сегментті ядролы нейтрофилдердің төмендеуі  байқалды. Бұл ретте лейкоциттер, моноциттер  деңгейі айтарлықтай жоғарылаған. 

Басқа көрсеткіштер (тромбоциттер, ақ қан жасушалары: таяқшаядролы, сегменттелген ядролы, базофилдер, лимфоциттер. ЭШЖ ) физиологиялық норма шегінде болды.

Автор өмірбаяндары

  • Тегза Иван Миколошевич, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, мал шаруашылық өнімдерінің технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а.

  • Тегза Александра Алексеевна, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ветеранирия ғылымдарының докторы, ветеринарлық медицина кафедрасының профессоры

  • Ахметчина Толкынай Акангалиевна, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    биология магистрі, дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы

  • Кравцов Илья, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

    ветеринарлық медицина кафедрасының 2 курс магистранты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-11-27

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар