CLIL ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН АРАЛАС ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_154Кілт сөздер:
информатиканы оқыту әдістемесі, аралас оқыту, білім беру технологиялары, CLIL тәсілі, төңкерілген сыныпАңдатпа
Мақала орта мектепте информатика курсын оқытуды оңтайландыру мәселесіне арналған және CLIL тәсілін пайдалана отырып, мектеп информатика курсында аралас оқыту технологиясын қолдану әдістемесін көрсетуге бағытталған. Аралас оқытудың бірқатар модельдері зерделеніп, зерттеу жұмысымызда «Төңкерілген сынып» моделі таңдалды. «Төңкерілген сынып» моделі бойынша оқушылар үйде интернетті пайдалану арқылы жаңа материалды зерделейді және оның тапсырмаларын орындайды, сыныпта күндізгі оқу кезінде өткен материалды бекітеді және пысықтайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге бағытталған үш тілді саясат негізінде CLIL тәсіліне үлкен сұраныс бар екенін ескере отырып, аралас оқыту жағдайында орта мектепте информатика курсында CLIL тәсілін қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Мақалада CLIL сабақтарының кезеңдері көрсетілген, ондағы әрекеттер нақты мысалдармен ашылған.
Зерттеу нәтижелері білім беру қызметінде қолданылатын «Төңкерілген сынып» және CLIL әдістерінен тұратын екі түрлі құралды мектеп информатика курсында қолдану көлемді материалды ағылшын тілінде қамтуға, өз бетінше оқуға жағдай жасауға, мұғалімге оқушылардың білімін бақылау процесін жеңілдетуге және оқушыларды пәнді оқуға қызықтыруға көмектеседі деген қорытындыға әкелді.