ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ КӨРУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ОЙЫН КЕШЕНІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Мурзатаева Алтынай Канатовна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-7350-4352
  • Абильдинова Сания Сатыбаевна Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-7585-4081
  • Кударинова Асель Сейдыгалиевна Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті https://orcid.org/0000-0001-9186-5859

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2023_4_206

Кілт сөздер:

көру бұзылыстары, сөйлеу бұзылыстары, ойын технологиялары, логопедия, мектепке дейінгі жас, ерекшеліктер, артикуляция

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында көру бұзылыстары бар балалардың сөйлеу әрекетін әр түрлі ойын технологиялары арқылы дамыту көрсеткіштерін талдау нәтижелері көрсетілген. Көру бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілінің дамуы жас ерекшелік заңдылықтарымен, оқу бағдарламасының мазмұнымен, қоршаған ортаның мәдени деңгейімен тікелей байланысының маңыздылығы танылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші іс-әрекеті ретінде ойын көру қабілетінде бұзылыстары бар балалардың сөйлеу әрекетін дамытуға, әлеуметтік мәселелерін шешуге, қоғамға енуіне және қарым-қатынастың өзіне де жағымды әсер береді деп болжауға болады. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.Алынған нәтижелер көру бұзылыстары бар балалардың берілген материалды табысты игеруіне зор септігін тигізетінің байқатты. Авторлар инклюзивті білім беру жағдайында түзету жұмысын оңтайлы жүргізуге, көру бұзылыстары бар балалардың сапалы оқуына ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын құру үшін бірқатар ұсыныстар мен практикалық шешімдерді ұсынады. Мақала педагогикалық қоғам үшін маңызды тәжірибелік мәнге ие, себебі инклюзивті білім беру жағдайында оңтайлы ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Автор өмірбаяндары

  • Мурзатаева Алтынай Канатовна , Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

    психология магистрі, жоғары педагогика мектебінің оқытушы-сарапшысы

  • Абильдинова Сания Сатыбаевна , Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

    педагогика және психология білім беру бағдарламасының магистранты

  • Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызы, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары педагогика мектебінің профессоры

  • Кударинова Асель Сейдыгалиевна, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-12-29

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар