Т. АХТАНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЙТАЛАМАЛАРДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Алма Досова Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Кілт сөздер:

тіл, әдебиет, қайталамалар, стильдік қызмет, стилистикалық ерекшеліктер, мәтін

Аңдатпа

Қазіргі таңда шығарманың тіліне стилистикалық талдау жасау лингостилистикадағы
өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі автор өз шығармасында қазақтың бай
әдеби тілінде кездесетін сөздік қорды белгілі бір стильдік мақсатта молынан пайдалану арқылы
тіліміздің баюына өз үлесін қосады.
Мақалада қазақ халқының көрнекті жазушысы Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Боран»
романдары тіліндегі қайталамалардың қолданылу ерекшеліктері қарастырылған. Т.Ахтановтың
романдарының тілі лингвостилистикалық тұрғыданан талданған. Жазушы шығармаларының
тілдік ерекшеліктері мен жазушы дүниетанымын жан-жақты айқындау мақсатында көркем шығар-
малар тілінің стилистикалық ерекшеліктері зерттелген. Т.Ахтанов романдары тілін зерттеу
барысында көркем шығарма тіліне лингвостилистикалық талдау жасаудың теориялық желісі
анықталған. Жазушы тілінің көркемдік байлығын танытатын проза мәтініндегі көріктеу құралдарының стилистикалық ерекшеліктері мен эстетикалық қызметі айқындалған. Көріктеуіш құралдың стильдік қызметі анықталған.
Зерттеудің мақсаты жазушы Т.Ахтанов шығармаларындағы қайталамалардың стильдік
қызметін анықтау болып отыр. Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың қайталамалар туралы
ғылыми тұжырымдарын саралау, жазушы романдарындағы қайталамалардың қолданылу ерекшеліктерін талдау, шығармадағы стильдік қызметін көрсету зерттеудің міндеттерін айқындайды.
Т.Ахтанов романдарында қолданылған қайталамалар шығарманың идеялық-көркемдік жақтарын
жетілдіруге жұмсалған.
Түйінді сөздер: тіл, әдебиет, қайталамалар, стильдік қызмет, стилистикалық ерекшелік-
тер, мәтін.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-03-24

Журналдың саны

Бөлім

Филологиялық ғылымдар