ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ САУАЛНАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭССЕ ЖАЗУ САПАСЫН БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2522197Кілт сөздер:
критерий, әдістеме, құзыреттілік, баға, академиялық эссеАңдатпа
Бұл мақала эссе жазу сапасын бағалаудың негізгі критерийлерін анықтауға және студенттердің негізгі функционалдық сауаттылығының – коммуникативтік, рефлексивтік, ақпараттық-технологиялық, пәндік, интеллектуалдық және тұлғалық құзыреттерінің қалыптасуын педагогикалық тәжірибе барысында бақылауға арналған. Өйткені эссе жазу студенттің білімін тексерудің тиімді әдісі болып табылады. Жұмыста эссе жазу сапасын бағалау критерийлерін педагогикалық тәжірибеде қолданудың халықаралық және отандық тәжірибесі зерттелген. Эссе жазу сапасын критериалды бағалауды қолданудың тиімділігі университет оқытушылары мен студенттері арасында әлеуметтік сауалнама әдісімен зерттелді, бұл әдіс оқытушылардың күнделікті практикалық қызметінде және студенттердің оқу іс-әрекетінде қолданылды. Зерттеу барысында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ағылшын тілі және оқыту әістемесі кафедрасы мен Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасында оқытушылар студенттердің оқу қызметін бағалау үшін қолданатын эссе жазу сапасын бағалаудың негізгі критерийлері анықталып, эссе жазу кезінде студенттердің жиі жіберетін негізгі қателіктері көрсетілді. Зерттеу аясында теориялық және практикалық мәселелерге, эссе құрылымына, эссе жазу сапасын бағалау әдістерін жетілдіруге және оқытушылар арасында эссе жазу сапасын бағалау құзыреттілігін қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.