ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАСЫН ТӨМЕНДЕТУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

  • Айжан Тәжібаева Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

Кілт сөздер:

зейнетақы, зейнеткерлер, зейнетақы жасы, құқық, зейнетақы жүйесі, зейнетақымен қамсыздандыру

Аңдатпа

салыстырмалы түрде берілген негіздемелері жөнінде мәліметтер қарастырылған. Автор бұл
мақалада зейнетақы жасының кезең кезеңмен көтерілуінің халыққа тиімсіз екендігін негіздейтін
ұсыныстарға назар аударған. Оның мемлекет үшін тиімді тұстарын атап көрсеткен, біріншіден,
зейнетақы жарналарын аударып зейнетақы қорларының шоттарын толтыра отырып, зейнетақы
жинақтарының сақталуына және өсуіне кепілдік беру; екіншіден, мемлекет бюджетінің шығыстарына ортақтаспайтын мемлекеттік бюджет тапшылығының ұлғаюына жол бермеу. Сонымен
қатар, «Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша азаматтардың зейнеткерлікке жеңілдікпен шығу негіздері көзделген,
бірақ бұл нормалар халықтың барлық санаттарын бірдей қамтымаған. Азаматтардың арасында
теңсіздіктерді болдырмау мақсатында әр түрлі елдердегі ерлер мен әйелдердің зейнетақы жасы
көрсетішін айқындайтын диаграмма әзірленген. Мақалада 1997 жылы орын алған зейнетақы
реформасының нәтижесінде қабылданған зейнетақы жүйесінің тиімсіз тұстары баяндалады.
Мақалада Еуропа елдерімен, Қытай Халық Республикасымен және көршілес елдермен оның
ішінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан сынды елдерде зейнеткерлікке
шығу жасының салыстырмалы талдауы, сондай-ақ зейнетақы жасын төмендету жағдайларын
көздейтін ұсыныстар қарастырылған.
Түйінді сөздер: зейнетақы, зейнеткерлер, зейнетақы жасы, құқық, зейнетақы жүйесі,
зейнетақымен қамсыздандыру.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-03-24