БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БЕЛСІНДІ МЕТАТАНУ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУҒА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_137Кілт сөздер:
метатану, бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып оқушысы, метатанымдық іс-әрекет, ақыл-ой әрекеті, даярлаудағы STA тұжырымдамасыАңдатпа
Бұл мақалада авторлар болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларының метатанымдық белсенділігін дамытуға дайындау мәселе бойынша зерттеу нәтижелерін қарастырды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі болашақ мұғалімдерді қоғамның сұраныстарын көрсететін осы салыстырмалы түрде жаңа педагогикалық міндетке дайындаудың әдістемелік шарттарын жетілдіру қажеттілігі. Негізгі ұғымдар нақтыланады: метатану, бастауыш сынып оқушысының метатанымдық белсенділігі. Зерттеу барысында жалпы ғылыми арнайы және салааралық әдістер қолданылды. Авторлар қазіргі қоғамның дамуындағы метатанымдық белсенділіктің рөлі мен мәнін және оның қажеттіліктерін түсінудің өзекті тәсілдерін талдап, қорытындылады. Болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларының метотанымдық белсенділігін дамытуға дайындау бағыттары саласындағы қазақстандық және шетелдік еңбектерді талдау және жүйелеу негізінде педагогтарды даярлаудың әдістемелік шарттарын жетілдірудің негізгі тұжырымдамалық негіздері анықталды. Нәтижелер мен талқылаулар әлеуметтік сұраныс, университеттің дайындықты жетілдіру қажеттіліктері мен болашақ мұғалімнің кәсіби маман ретіндегі жеке қажеттіліктері арасындағы анықталған байланысты көрсетеді. STA-тұжырымдамасын пайдалану перспективалары анықталы және болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларының метатанымдық белсенділігін дамытуға дайындаудың негізгі критерийлерінің STA-кешені әзірленді, сондай-ақ тезаурустық әдіс негізінде әзірленген оны енгізудің технологиялық картасы ұсынылды.