ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТУДА ACTION RESEARCH ТИІМДІ ӘДІС РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_242Кілт сөздер:
ынтымақтастық, командалық өзара әрекеттесу, педагогикалық практика, Action Research, іс-қимылдағы зерттеу, болашақ педагогты даярлау.Аңдатпа
Бұл мақала 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ студенттерінің өндірістік педагогикалық практикадан өтуі кезінде Action Research ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық орнатудың кейбір аспектілерін зерделеу мәселесіне арналған. Ынтымақтастық дағдылары болашақ педагогке жеке және кәсіби салаларда табысты болуға мүмкіндік береді. Сондықтан студент өзінің қажеттіліктері, құндылықтары, жеке даму траекториясы бар кәсіби дайындық субъектісі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: Action Research ұйымдастыруда ынтымақтастық маңыздылығының теориялық негіздемесі, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық практикадан өту кезеңінде өзара іс-қимыл нысандарын іске асырудың тиімді шарттарын негіздеу және әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. Оқу процесінде ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша отандық және шетелдік психологиялық-педагогикалық дереккөздерге, топтық жұмыстың ерекшеліктеріне, топ қатысушыларының қарым-қатынасына, тиімді ынтымақтастық үшін әрекеттегі зерттеудің маңыздылығына және т. б. талдау жүргізілді. Авторлар командалардағы ынтымақтастық компоненттеріне (мотивациялық, когнитивті, белсенділік) және қарым-қатынас стильдеріне (қарым-қатынасқа, проблемалық-бағдарланған және икемділікке бағытталған) сипаттама берген. Өндірістік педагогикалық практиканы ұйымдастыру кезінде студенттердің тиімді бірлескен жұмысын арттыру мақсатында Action Research іске асырылды. Зерттеу нәтижелері негізінде авторлар бағдарлама көшбасшыларына, педагогикалық практика әдіскерлеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, студент-практиканттарға топтық жұмыста ынтымақтастық дағдыларын жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.