МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНДЕ ХИМИЯНЫ БИОЛОГИЯМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • Керім Сымбат Сейдуллақызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-7110-1306
  • Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0001-9444-737X

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_228

Кілт сөздер:

байланыстыра оқыту, белсенді әдістер, шығармашылық қызығушылық, танымдық іс-әрекет, пәндік құзыреттілік

Аңдатпа

Жаратылыстану ғылымдары арасындағы пәндер негізінде пәнаралық байланыс орнату арқылы химия пәні көпсалалы пән ретінде қарастырылып, білім беруде педагогикалық үдерісті жүргізу барысында әрбір пәннің үлгісінде пәннің оқу мақсатын, мазмұндық бірлігін, принциптер жүйесін, қолданылатын әдістемесін байланыстыруға болады. Мақалада орта мектепте пәндерді байланыстыра оқытуды жүзеге асыруда білім алушылардың оқу теориясын, химия-биологиялық ұғымдары мен түсініктерін игеру, білім беруде интербелсенді әдістер мен педагогикалық қызметті оңтайландыру және пәндік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Жалпы педагогикалық-ғылыми зерттеу әдістері негізінде зерттеудің теориялық бөлігі оқушыларға байланыстыра оқытудың мәнін, маңызын және сонымен бірге байланыстыра оқытуда белсенді әдістер тізбегін қолданудың бірнеше әдістемелері зерделенді. Эмпирикалық зерттеу әдісі бойынша жалпы оқу үрдісі, оқу мен оқытудағы белсенді әдістер қарастырылды, эксперимент барысында сауалнама алынды және бақылау жұмыстары жүргізілді, нәтижелер Розенбаумның Q – критерийі негізінде өңделді. Пәнаралық байланыс нәтижесінде білім алушының пәндік құзыреттілігі қалыптасты, танымдық-шығармашылық қабілеті артты, кәсіби-тұлғалық ерекшеліктері жан-жақты дамыды, өзіндік үздік нәтижеге жетуге талпынысы күшейді. Сонымен қатар, байланыстыра оқыту барысында заманауи әдістер қолдану өз кезегінде білімгерлердің танымдық қызығушылығының артуына, білім өрісінің кеңеюіне, өзіндік жұмысты қызыға жасауына, әлемді тұтастай тануына, білім көрсеткіштерінің жоғарылауына, мәселелік жағдаятта қалыптасқан интегралды білімді қолданып шешімін іздестіруге мүмкіндік берді.

Автор өмірбаяндары

  • Керім Сымбат Сейдуллақызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    7М01535-Химия білім беру бағдарламасының магистранты

  • Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

    Химия ғылымдарының кандидаты, профессор

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар