БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Авторлар

  • Сапарқызы Жаннат Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті https://orcid.org/0000-0001-8784-2742
  • Майгельдиева Шарбан Мусабековна Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Нургалиева Малика Алиевна Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP2522218

Кілт сөздер:

сандық технология, сандық технологиялық құралдар, оқыту үдерісі, білім беру платформалары, презентациялық бағдарламалар

Аңдатпа

Бүгінгі таңда сандық технологиялар қоғамның барлық саласында, әлеуметтік қатынастардан бастап білім беру саласына дейін еніп отыр. Сандық технологиялардың білім беру үдерісіндегі маңыздылығы артып, оқытудың жаңа мүмкіндіктерінің туындауына әкелуде. Мақалада оқыту үдерісінде сандық технологияларды қолданудың маңыздылығы, және сол бағытта зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. Сандық технологияларды білім беруде қолданудың оқушылар мен мұғалімдер үшін мүмкіндіктері мен тиімділігі туралы баяндалды. XXI ғасыр – сандық технологиялар ғасыры. Қазіргі бала сандық технологиялық әлемде өмір сүреді. Осыған байланысты оқыту үдерісінде  мұғалімнің рөлі де өзгеруде – ол ақпарат ағынының үйлестірушісі болуы керек. Сондықтан мұғалім оқушылармен бір тілде қарым-қатынас жасау үшін заманауи әдіс-тәсілдерді, жаңа білім беру технологияларын меңгеруі қажет. Осыған байланысты мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық ортада жұмыс жасау қабілеті зерттелді  және сандық технологиялар оқыту үдерісін ұйымдастыру бағытында қолдану бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар атқарылды. Алынған нәтижелер  келесі  қорытынды жасауға мүмкіндік берді: оқушылардың  кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сандық технологияларды қолдана білуі, және оны оқу үдерісіне енгізе білу қажет. Білім беру үдерісіне сандық технологиялардың енуімен оқыту үдерісі түбегейлі өзгерді. Сандық технологиялар оқытудың жаңа мүмкіндіктерін аша отырып, білім алушылардың білім алуын қызықты, тиімді және қолжетімді етеді. Сол себепті білім беру үдерісінде сандық технологияларды қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Автор өмірбаяндары

  • Сапарқызы Жаннат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    PhD, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі»  аға оқытушысы

  • Майгельдиева Шарбан Мусабековна, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі»  профессоры

  • Нургалиева Малика Алиевна, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

    «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»  БББ магистранты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар