ҚҰСТАРДАН ОҚШАУЛАНҒАН ПАСТЕРЕЛЛА ИЗОЛЯТЫНЫҢ БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ӨНДІРІСТІК ШТАМДАРЫ

Авторлар

  • Умитжанов Мынбай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0003-2734-2943
  • Mусоев Асылбек Майлыбаевич Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0003-3389-4365
  • Туребеков Орынбасар Тыштибаевич Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті https://orcid.org/0000-0001-7482-7666
  • Акимжан Назым Алтынбекқызы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_36

Кілт сөздер:

Pasteurella, изолят, шоғыр, штамм, құстар

Аңдатпа

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Семей, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының құс фабрикаларында өлім-жітімге ұшыраған құстардан 470 патологиялық материалдар жиналды, олардың ішінен 11 Pasteurella изоляттары іріктеліп алынды және олар өнеркәсіптік пастереллалар штамдармен салыстыру арқылы  зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Барлық оқшауланған және зерттелген пастереллалардың ішінен тек Pasteurella multocida А biovar avium B-0054 № 12, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты», G-5, Al-7, D-2, K-30, A-22 штамдары S-тәрізді болып жіктелді.

Пастереллалардың патогендік қасиеттерін зерттеу нәтижесінде максималды патогендік белсенділік Pasteurella multocida А biovar avium B-0054 №12 «Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты» штаммында байқалды, ол 4-тен 10 000-ға дейін колония түзуші белсенділіктер (КТБ) арасында ауытқып, 2-4 КТБ-тен LD50 құрады.

Pasteurella эпизоотиялық штамдарының биологиялық қасиеттерін зерттеу негізінде Pasteurella multocida өнеркәсіптік штамдарының биологиялық қасиеттерін бағалау критерийлері және оларды таңдау принциптері зерттелді және табылды.

Өнеркәсіптік жағдайда пастереллалардың биологиялық қасиеттерін зерттеу барысында олардың патогенділігі мен иммуногенділігін анықтауға болады. Пастереллезді эритроциттік антигендік диагностикумның тиімділігі де екі қасиеттің бір-бірімен тікелей байланысты екенін көрсетті.

Автор өмірбаяндары

  • Умитжанов Мынбай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    Ветеринария ғылымдарының докторы, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры

  • Mусоев Асылбек Майлыбаевич, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    қауымдастырылған профессор, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі

  • Туребеков Орынбасар Тыштибаевич, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры

  • Акимжан Назым Алтынбекқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, хирургия және жануарлардың өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-01-10

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар