ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ СИВЕРС АЛМА АҒАШЫНЫҢ (MALUS SIEVERSII) ЖАБАЙЫ ӨСЕТІН ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫН ЗАҚЫМДАЙТЫН ЗИЯНКЕС ЖӘНДІКТЕРДІҢ БАСЫМ ТҮРЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_62Кілт сөздер:
Сиверс алма ағашы, зиянкес жәндіктер, Іле Алатауы, Yponomeuta malinella Zell., Archips rosana L., Cacoecia crataegana Hb.Аңдатпа
Мақала бүкіл әлемде алма жемісін өндіруде табиғи генетикалық негізі ретінде жаһандық маңызы бар Қазақстандағы Сиверс алма ағашының (Malus sieversii) жабайы популяцияларын сақтау мәселелеріне арналған. Өкінішке орай, соңғы жарты ғасырда алма ағашының осы түрінің жабайы популяцияларының өсу аймағы күрт төмендеді, сондықтан алма ормандарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Соңғы 20 жылда Сиверс алма ағашының жабайы популяцияларының өмір сүруіне негізгі қауіптердің бірі табиғи популяцияларға үлкен зиян келтіретін зиянкес жәндіктер болды. Осыған байланысты басылымның мақсаты Сиверс алма ағашының үш негізгі зиянкестермен (Yponomeuta malinella Zell., Archips rosana L., Cacoecia crataegana Hb.) Іле Алатауында 2018, 2019 жылдары зақымдану дәрежесін анықтау болып табылады. Сондай-ақ, алма аққіс күйе көбелегінің (Yponomeuta malinella Zell.) раушан жапырақ ширатқыш көбелегінің (Archips rosana L.) және долана жапырақ ширатқыш көбелегінің (Cacoecia crataegana Hb.) таралуы мен әсерінің картасы Іле-Алатау МҰТП аумағында берілген.