ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/RWEP2522285Кілт сөздер:
ұлттық құндылық, оқу әрекеті, болашақ педагог-психолог, ұлттық сана, отбасы тәрбиесі, мультимедиялық технология, ұлттық тәрбиеАңдатпа
Қазіргі білім беру процесінде білім алушының дүниетанымын байыту, адамгершілік қасиеттерін арттыру, ұлттық ұстанымы мен ұлттық код бейнесін қалыптастыру – маңызды зерттеулердің бірі. Зерттеудің өзектілігін, теориялық негіздерін анықтауда нормативтік құжаттарға және ғылыми зерттеулерге талдау жүргізіліп, «ұлттық құндылық» ұғымының мәні нақтыланды. Мақалада ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ететін цифрлық технологияларды қолдану, мәдени мұраларды виртуалды мұражай әдістері арқылы талдау, педагогикалық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру мәселесі қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – цифрлық технологияларды болашақ педагог-психологтардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың құралы ретінде қарастыру. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 2023-2024 оқу жылының І-ші семестрінде жүргізілді. Зерттеуге ЖОО-ның 3 курс білім алушылары қатысты. Зерттеу барысында білім алушылардың зерттеу мәселесіне қатысты ой-пікірлері мен көзқарастарын білу мақсатында авторлық сауалнама алынды. Сауалнамада Ликерт шкаласы қолданылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтау кезеңінде – сауалнама алынды; қалыптастыру кезеңінде – ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған 12 сағаттан тұратын әдістемелік семинардың бағдарламасы әзірленіп, оқу процесінде іске асырылды; бақылау кезеңінде – әдістемелік семинардың тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама қайта алынып, нәтижесі ұсынылды. Біз ұсынған әдістемелік семинардың тиімділігі дәлелденді.