"БЕК+" ЖШС ШАРТТАРЫНДА ӘРТҮРЛІ АТАЛЫҚ ІЗГЕ ЖАТАТЫН ҚАШАРЛАРДЫҢ ДЕНЕ БІТІМІН СЫЗЫҚТЫҚ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_51Кілт сөздер:
экстерьері, сызықтық бағалау, сүт өнімділігі, генеалогиялық ізАңдатпа
Мақалада Қостанай облысы Федоров ауданыны «Бек+» ЖШС-нің сүт кешені жағдайындағы әртүрлі аталық ізден тараған алғаш бұзаулаған сиырлардың сызықтық бағалау нәтижелері берілген. Әр түрлі сызықтық құрамдағы алғашқы бұзаулаған сиырлардың 3 тәжірибелі тобы құрылды: Вис Бек Айдиал, Рефлекшн Соверинг және Осборндейл Айвенго. Алғаш бұзаулаған сиырларды экстерьері бойынша бағалау 24 көрсеткіш негізінде, лактацияның 30 дан 150-күніне дейінгі кезеңде, 9 балдық шкала бойынша жүргізілді. Зерттеу барысында Вис Бек Айдиал аталық ізіне жататын алғаш бұзаулаған сиырлардың жалпы дене бітімі, сүттілік типі және сирақтарының дамуы бойынша Рефлекшн Соверинг және Осборндейл Айвенго аталық іздеріне жататын құрдастарынан біршама артықшылығын көрсетті. Бағаланған белгілердің көпшілігі бойынша: шоқтығының биіктігі, бөксе жалпақтығы, емшек ұзындығы, артқы аяқтар қойылуының артынан қарағандағы көрінісі Вис бек Айдиал алғаш бұзаулаған сиырлары Рефлекш Соверинг және Осборндейл Айвенго аналогтарынан артықшылыққа ие болды. Малдың дене құрылымының жалпы кешенді бағалау жүргізілді зерттеу нәтижелері бойынша Вис бек Айдиал және Рефлекшн Соверинг сызықтарының алғаш бұзаулаған сиырлары «жақсы», Осборндейл Айвенго жататын құрдастары «қанағаттанарлық» дәрежесіне жатады. Алынған нәтижелер өндіруші-бұқалар өз қыздарының сызықтық бағалаудағы белгілеріне айтарлықтай әсер ететінін растайды.