ГЕОГРАФИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ STEAM-ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ

Авторлар

  • Мухитдинова Роза Абдыгалиевна І.Жансүгіров атындағы университеті
  • Баймырзаев Қуат Маратұлы І.Жансүгіров атындағы университеті
  • Мизамбаева Феризат Канатбековна – І.Жансүгіров атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_86

Кілт сөздер:

STEAM-технология, құзыреттілік, интеграция, білім беру үдерісі, білім беру сапасы, білім беруді жаңғырту, жаратылыстану пәндері

Аңдатпа

Бұл мақалада STEAM технологиясын енгізу бойынша зерттеудің әдістемесі мен нәтижелері көрсетілген. Бұл зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы Жетісу өңіріндегі орта білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметтін жүзеге асыратын география мұғалімдерінің STEAM технологиясын географияны оқытуда қолдануға дайындығын анықтау болып табылады.

Зерттеудің әдістемелік негізі STEAM білім берудің білім беру технологияларының өзектілігі мен дамуы туралы отандық және шетелдік әдебиеттерді талдаумен ұсынылған. Қазақстан Республикасы Жетісу облысындағы 37 білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдерінің жауап беру жиілігі мен пайыздық үлесіне сауалнама өтуізіліп, талдау жүргізілді.

Зерттеу барысында сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің көбі өз жұмысында дәстүрлі оқыту әдістерін қолдануды қалайтыны анықталды. Сонымен қатар, көптеген мұғалімдердің STEAM технологияларын меңгермейтіні анықталды. Осыған орай, пәнаралық ықпалдастық пен біліктілікті арттыруға баса назар аудара отырып, білім беру үдерісін жаңарту және жаңғырту қажеттілігі айқындалып, осы салада география пәні мұғалімдерін тиісті дәрежеде даярлау мен қайта даярлау мүмкіндіктері білім сапасына айтарлықтай әсер ететіні анықталды.

Бұл нәтижелерді география пәні бойынша оқу үдерісінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстады әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Автор өмірбаяндары

  • Мухитдинова Роза Абдыгалиевна, І.Жансүгіров атындағы университеті

    8D01505-География Білім беру бағдарламасының докторантi

  • Баймырзаев Қуат Маратұлы, І.Жансүгіров атындағы университеті

    география ғылымдарының докторі, профессор

  • Мизамбаева Феризат Канатбековна –, І.Жансүгіров атындағы университеті

    (PhD) философия докторі 6D010300-Педагогика және психология

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар