ТЕЗ ПІСЕТІН МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ТҰҚЫМ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_45

Кілт сөздер:

майбұршақ, тұқым сапасы, өнгіштік, май , ақуыз

Аңдатпа

Мақалада тез пісетін майбұршақ сорттарының егістік сапасы және тұқым сапасын бағалау бойынша жүргізілген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Атап айтқанда, тұқымның зертханалық өнгіштігі, егістік өнгіштігі, өсімдіктің жинап алуға дейінгі  сақталуы, өсімдктің биіктігі, май мен ақуздың құрамы  сияқты көрсеткіштері алынған. Зерттеу жұмыстарында майбұршақтың Билявка, Лыбидь, Вижн, Танаис, 422, 180/2 сорт үлгілері жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері бойынша өзара салыстырылған. Зерттеу нәтижелері салыстырылып отырған сорт үлгілеріндегі тұқымның зертханалық өнгіштігі барлығында жоғары екенін көрсетті, сәйкесінше 90,0 – 97,0 % аралығында болды. Зерттелген сорт үлгілерінің егістік өнгіштігі стандартта көрсетілген сапа нормасынан көп ауытқымады. Ал, өсімдіктің жинап алуға дейін сақталуының көрсеткіші 422, 180/2 сорт үлгілерінде жоғары нәтижені берді, сәйкесінше 86,6 және 80,8% аралығында болды.   Зерттелген сорт үлгілерінде майдың ең жоғары көрсеткіші 422 селекциялық номерінде байқалды – 22,3 %.  Ақуыздың мөлшері бойынша зерттелген сорт үлгілері төмен және орташа деңгейдегі категорияларға енді. Бұл көрсеткіш бойынша да жоғары нәтижені 422 селекциялық номері берді, сәйкесінше 38,1 %. 1000 тұқымның массасы  орташа есеппен 131 – ден 190 г. дейінгі көрсеткішті берді

Автор өмірбаяндары

  • Закиева Арайлы Аленхановна, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

    PhD докторы, ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы

  • Ансабаева Асия Симбаевна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, агрономия кафедрасының қауымдастырылған профессоры 

  • Камзина Гулим Оразбаевна, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының магистрі

  • Досмағанбетова Ақерке Oralғazyқyzy, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

    ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының магистрі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-17

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары