ЕТ БАҒЫТЫНДАҒЫ СИЫРЛАРДЫҢ КҮЙЛЕУІН СӘЙКЕСТЕНДІРУДІҢ ХИТСИНХ ЖӘНЕ ОВСИНХ ӘДІСТЕРІН СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_13Кілт сөздер:
күйлеуді сәйкестендіру, Хитсинх, Овсинх, ұрықтандыру индексі, буаздық, сервис-кезең, бедеулікАңдатпа
Мақалада Хитсинх және Овсинх әдістемелері бойынша ірі қара малдың жыныстық циклдерін сәйкестендіру нобайларының салыстырмалы тиімділігі жөніндегі мәліметтер келтірілген. Жыныстық үдерістерді белсендіру және ұрықтануды арттыру үшін сәйкестендіру нобайларында әртүрлі GnRH, простагландин F2α және эстрогендер қолданылған. Олардың тиімділігін арттыру мақсатында сәйкестендіру нобайларына биологиялық белсенді заттар қосылды.
Зерттеудің мақсаты биологиялық белсенді заттарды қосу кезінде әртүрлі сәйкестендіру нобайларының тиімділігін анықтау болды.
Авторлардың атап айтуынша, күйлеуді Хитсинх және Овсинх әдістерімен сәйкестендіру кезінде нобайға биологиялық белсенді заттарды (дәрумендер, Дороговтың антисептикалық стимуляторы 2ф) қосымша енгізумен қатар, сиырлардың жыныстық мүшелерін ынталандыру сиырлардың күйге келуін едәуір жақсартады және ұрықтанғыштығын арттырады. Бұл көрсеткіштер күйлеуді Хитсинх әдісі бойынша сәйкестендіру кезінде неғұрлым айқынырақ болды.
Жүргізілген зерттеулердің жаңалығы сиырлардың күйлеуін сәйкестендірудің тиімді заманауи нобайларын анықтау болып табылады.
Гормоналдық препараттар "Сурфагонды" 10 мл, "Эстрофанды" 2 мл мөлшерде бұлшық етке, биологиялық белсенді заттарды (0, 2, 4 күндері және 36 сағаттан кейін тері астына АСД-ф2 5% -20,0 мл), дәрумендік кешен "Тетравитті" (А, Д3, E, F) 10 мл және эстрогендік гормон ECР (2% синестрол) 2 мл мөлшерде бұлшықетке енгізу жыныстық үдерістердің байқалуын белсендіреді, күйлеуді ынталандырады және сиырлардың ұрықтануын арттырады.