АРАЛ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӨК ШӨПТІҢ КОНВЕЙЕРЛІК ӨНДІРІСІН ЖАСАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Мұханов Нұрлан Бөрібайұлы «Қызылорда «Болашақ» университеті» ЖШС https://orcid.org/0000-0002-9679-3767
  • Бекжанов Серік Жолдахметұлы «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ https://orcid.org/0000-0002-7876-8779
  • Сатаева Дариха Карим Шамалиқызы «Қызылорда «Болашақ» университеті» ЖШС https://orcid.org/0009-0007-0957-4878
  • Құлтасов Бекзатхан Шамұратұлы «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_72

Кілт сөздер:

мал азықтық дақылдар, жасыл конвейер, жоңышқа, сүтті ірі қара

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы малдарының өнімділігін арттыру тек берік жем-шөп қоры болғанда ғана жүзеге асады. Мұндай қажеттілік әсіресе азық түрлері аз, әрі олардың қоректілігінің төмен болуынан малдарды толыққанды азықтандыру қиынға соғатын Арал өңірінде ерекше өткір. Мүйізді ірі қара шаруашылығы облыста өндірілетін сүттің 90% астамын, ет өнімдерінің 45% жуығын береді. Бұл өнім көлемінің көп бөлігі жаз айларында алынады. Сондықтан малды осы кезеңде дұрыс азықтандырудың маңызы зор.

Жазда өсімдік тез күйіп кететіндіктен табиғи жайылымдарды пайдалану есебінен сауын малдарын көк шөппен қамтамасыз ету өте қиын. Оның үстіне жылдан-жылға Сырдария өзені ағынының кемуіне байланысты топырақ бетінің тұздануы қарқынды жүруде және сауын малы жайылатын жерлер тозу үстінде.

Осындай жағдайларда суармалы жерлердің әрбір гектарын жоғары сапалы көк шөп өндірісі үшін пайдаланудың өзектілігі артып отыр. Бұл тұрғыда көк шөп өндірісінің конвейерлік жүйесін ұйымдастырудың маңызы үлкен.Өңірдің экологиялық жағдайын ескерсек, аталған тәсілдің ғылымипрактикалық құндылығы жыл өткен сайын арта түспек.

Зерттеудің мақсаты Арал өңірі жағдайында көк шөптің конвейерлік өндірісн жасау мүмкіндігін анықтау болып табылады. Есептеулер жалпыға ортақ әдістер бойынша жүргізілді. Нәтижесінде Арал өңірі жағдайында көк азықтың конвейерлік өндірісінің қол жетімді сызбасы жасалды. Көк азық өндірудің осы жасалған сызбасын облыс шаруашылықтарында пайдалану сауын малының өнімділігін 8-10 процентке арттырып, азықтандыру кезеңін 3-4 аптаға ұзартуға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Мұханов Нұрлан Бөрібайұлы, «Қызылорда «Болашақ» университеті» ЖШС

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Жаратылыстану және және спорт» кафедрасының доценті

  • Бекжанов Серік Жолдахметұлы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ

    PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының жетекшісі

  • Сатаева Дариха Карим Шамалиқызы, «Қызылорда «Болашақ» университеті» ЖШС

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Жаратылыстану және және спорт» кафедрасының аға оқытушысы

  • Құлтасов Бекзатхан Шамұратұлы, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ

    Агрономия магистрі, «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары