3D МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2025_1_332Кілт сөздер:
3D модельдеу, робототехника, робот, бағдарламалау, Lego Mindstorms EV3, қосымша білім, зерттеушілік дағдыАңдатпа
Бұл жұмыста 3D модельдеу және робототехниканы қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамып жатқан кезеңінде 3D модельдеу мен робототехниканы үйретуді балалардың ерте даму жасынан, яғни балабақша мен бастауыш сыныптардан бастау алатын өзекті мәселе. Кіріспе бөлімінде 3D модельдеу мен робототехниканы оқытудың еліміздегі және шетелдік тәжірибеге шолу жасалады, осы саладағы негізгі түсініктер анықталады. Жұмыстың негізгі бөлігі тәжірибе нәтижелерінен тұрады. Онда 3D модельдеу және робототехника бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу тобының мүшелері жүргізген сауалнама нәтижесі беріледі. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша қосымша білім беру бағдарламасы әзірленіп, бастауыш сынып оқушылары арасында үйірме сабақтары ұйымдастырылады. Ұйымдастырылған үйірме сабақтарының нәтижесінде оқушыларға 3D модельдеу мен робототехниканы пайдалана отырып, олардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары анықталады. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын қалыптастыруды қосымша білім беру арқылы, оның ішінде бастауыш сыныптарда жүргізудің маңыздылығы туралы айтылады. Бұл ретте 3D модельдеу және робототехниканы пайдаланудың маңыздылығы тәжірибе жүзінде келтіріледі. Бағдарлама Lego Mindstorms EV3 робототехникалық жабдықтары мен бағдарламалау ортасын негізге алып құрастырылды.