АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ҚЫТАЙБҰРШАҒЫНЫҢ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ СОРТТАРЫН ӨНІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Дидоренко Светлана Владимировна Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Кисетова Эльмира Магзомовна Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Касенов Ринат Жанасилович Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Кушанова Рыстай Жармагалиевна Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_27

Кілт сөздер:

ecological variety testing, сорт, ақуыз, май, өнімділік, экологиялық сорт сынақ

Аңдатпа

Бұл мақалада экологиялық сортты сынау питомнигінде салыстыру үшін қазақстандық селекцияның 6 соя сорттары (Victory, Память ЮГК, Қарлығаш, Айсауле, Жансая, Елмерей) және шет елдердің 19 сорттары (Дельта, Славия, Селекта 301, Вилана, Корсак, Галина, Trijumf, Воеводжанка, Сава, Ascacubi, Hilario, Blamcos, Atlantic, Luna, Safrana, Santana, Sponsor, Zen, Dekabig) зерттелді. Жоғары өнімділігі сорттар қатарына Қазақстан селекциясынан Елмерей, Жансая және Айсауле сорттары 49,2 ц/га, 48,5 ц/га, және 47,3 ц/га өнімділік көрсеткішімен ерекшеленеді. Сәйкесінше шетел сорттарынан Сербия селекциясының Воеводжанка сорты – 48,8 ц/га және Сава сорты – 49,0 ц/га, Италия селекциясынан Luna сорты – 51,8 ц/га, Atlаntic сорты – 46,0 ц/га және Blamcos сорты – 46,0 ц/га және Франция селекциясының Sponsor сорты- 51,7 ц/га көрсеткіштерімен жоғары өнімділік қатарына қосылды. Майлылық мөлшері бойынша Қазақстан селекциясының Айсауле сорты – 21,9 % және Италия селекциясының Luna сорты – 22,2 % жоғары көрсеткіштер қатарында болды. Дәндегі ақуыз мөлшері бойынша (38,6 – 40,6 %) аралығындағы көрсеткіштермен Қазақстан селекциясының Victory және Айсауле сорттары, Ресей селекциясының Дельта, Селекта 301 және Вилана сорттары, Украина + Канада селекцисының Корсак сорты, және Франция селекциясының Safrana сорты жоғары көрсеткіштер қатарында болды. Ерекшеленген сорт үлгілері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жаңа жоғары өнімді сорттарды жасау үшін селекциялық бағыттың көзі болып табылады. 

Автор өмірбаяндары

  • Дидоренко Светлана Владимировна , Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

    Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі 

  • Кисетова Эльмира Магзомовна, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

    Майлы дақылдар зертханасының аға зертханашысы 

  • Касенов Ринат Жанасилович, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

    Майлы дақылдар зертханасының кіші ғылыми қызметкері 

  • Кушанова Рыстай Жармагалиевна, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

    PhD докторы, майлы дақылдар зертханасының аға ғылыми қызметкері 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-10-18

Журналдың саны

Бөлім

Ауыл шаруашылығы ғылымдары