ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ШЕШУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Бозшатаева Гульшат Тугельбаевна, кандидат биологических наук, доцент М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0002-1535-2725
  • Турабаева Гулзат Калыкуловна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Копжасарова Жадыра Бахадыровна М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/RWEP252237

Кілт сөздер:

Тұрақты даму мақсаттары, білім беру, интербелсенді оқыту әдістері, жаһандық мәселелер, экономикалық даму, әлеуметтік даму, ғаламдық экологиялық мәселелер

Аңдатпа

Мақалада Тұрақты даму мақсаттарын білім беру арқылы шешудің мүмкіндіктері қарастырылған. Қазіргі кезде  қалыптасып отырған қоршаған ортаның сапасы, адамдардың өмір сүру жағдайлары, климаттың өзгеруі, ортаның тазалығы, өсімдіктер мен жануарлар, пайдалы қазбалардың сарқылып келе жатқанына адамдардың көздері жетіп отыр. Және бұл мәселе қазір тек бір мемлекеттің немесе бір елдің ғана проблемасы емес, жаһандану жағдайында барлық мемлекеттердің арасында қалыптасқан тепе-теңдіктердің өзгеруі міндетті түрде ол елден алшақ жатқан басқа мемлекеттің халқының өмір сүруі мен тіршілігіне өзінің әсерін тигізуі мүмкін. Жалпы алғанда адамзат қоғамының өмірін анықтайтын үш негізгі факторлар – экологиялық,  экономикалық, әлеуметтік – адам тек қоғамда өмір сүреді, қоғамның барлық мәселелері әрбір жеке адам үшін маңызды. Сондықтан да осы адам өмірінің үш негізгі факторын есепке ала отырып әлемдік деңгейде адамның болашақ тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін 2015 жылы 2030 жылға дейінгі Біріккен Ұлттар Ұйымында Тұрақты даму мақсаттары қабылданған болатын. Олар адам өмірінің барлық жақтарын қамтиды. Адамзат қоғамының болашағын анықтайтын Тұрақты даму мақсаттарын білім беру арқылы шешу мәселелері өзекті мәселе болып табылады. «Биология» сабақтарында тұрақты даму мақсаттарын білім беру арқылы шешу мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында 7-9-сыныптың Биология пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларына талдау жасалған. Интербелсенді оқыту әдістерінің көмегімен тұрақты даму үшін білім берудің мысалы ретінде 11-сыныптың  «Биология» сабақтарында «Құрлықтың экожүйелерін сақтау» тақырыбындағы сабақты жүргізу әдістемесі жасалды.

Автор өмірбаяндары

  • Бозшатаева Гульшат Тугельбаевна, кандидат биологических наук, доцент, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    биология ғылымдарының кандидаты, биология және география кафедрасының доценті

  • Турабаева Гулзат Калыкуловна, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, биология және география кафедрасының аға оқытушысы

  • Копжасарова Жадыра Бахадыровна, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистр, информатика кафедрасының оқытушысы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар