Мақалаларды қарау тәртібі

Журналдың редакциясы ұсыныстардағы объективтілік талаптарын қанағаттандыру үшін екі жақты анонимді («жасырын») рецензияның халықаралық стандарттарын қабылдады. Осылайша, рецензенттердің жеке басы  авторларға немесе басқа рецензенттерге жарияланбайды.

Тиісті зерттеу саласының мамандары болып табылатын рецензенттерді мақаланың бейіні бойынша жетекші мамандар қатарынан бас редактор тағайындайды.

Барлық рецензенттер ғылыми жарияланымдарға қойылатын этикалық талаптарды ұстануға, объективті және бейтарап болуға тиіс.

Рецензенттер мақаланы қабылдамаған жағдайда, авторларға бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Мақалаларды қарау мерзімі төрт аптадан аспайды.

Рецензиялау мақаланың өзектілігін, зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын, олардың жаңашылдық дәрежесін, ғылыми және практикалық маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ, негізгі кемшіліктер, материалдың ақаулары (егер бар болса) көрсетіледі.

Рецензиялау нәтижелері бойынша редакция мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

* мақаланы жариялауға қабылдау туралы;

* мақаланы автордың осы немесе келесі нөмірге пысықтағаннан кейін жариялауға қабылдау туралы (пысықтау дәрежесіне байланысты);

* жариялаудан бас тарту туралы.

Рецензенттің мақаланы пысықтауды талап ететін қарсылықтары болған жағдайда, ол авторға пысықтауға жіберіледі.