Негізгі ақпарат

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ветеринарлық, ауыл шаруашылық және педагогикалық ғылымдар бағыттары бойынша басылымдар тізбесіне енгізілген.

ISSN 2226-6070

Қайта есепке қою туралы куәлік: № KZ48VPY00081421 

Журналдың мақсаты.

Ветеринария, ауылшаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика ғылымдары салаларындағы түпнұсқалық әрі өзекті зерттеулерді жариялау арқылы ғылымның дамуына ықпал ету. Журнал халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және маңызды ғылыми нәтижелерді кең академиялық қауымдастыққа таратуға бағытталған.

Тақырыптық бағыттары: ветеринария, ауыл шаруашылығы, педагогика, тарих, филология және экономика.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Журналдың шығу мерзімі: жылына 4 рет (тоқсан сайын)

Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін "ҰҒТЭО" АҚ-ға ұсынылады.

Жариялау шарттары. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «3i: intellect, idea, innovation – интеллект, идея, инновация» көпсалалы ғылыми журналының редакциясына түскен қолжазбалардың барлығы міндетті түрде анонимді («жасырын») рецензиялаудан өтеді. Алынған рецензия негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.