ЖОБАНЫ ОРЫНДАУ САПАСЫ: СТУДЕНТТЕР КӨЗІМЕН

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD253247

Кілт сөздер:

өзіндік баға беру , жоба орындау, жұмыс сапасы, студенттер, студенттер тәжірибесі

Аңдатпа

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы, студенттердің оқу сапасын арттыру мақсатында әр түрлі оқыту әдістерін қолдануды жалғастырып келеді. Студенттердің жоба дайындау тәжірибесі, қиындықтар мен мүмкіндіктер аясында тақырыптар зерттеліп басталған. Осы тақырыпты одан әрі тереңдей зерттеу мақсатында студенттердің өз жобаларын өздері қалай бағалайтынын зерттегіміз келді. Олардың «біз жобаны жақсы орындап шықтық» деген пікірдің астында қандай сенімділік бар екенін; не болмаса «көңілден шықпады» деген пікір не себептен айтылатынын анықтауды жөн көрдік. Сол себептен, зерттеудің мақсаты, студенттердің өз жобасына берген бағасының негізі қандай сұрағына жауап іздедік. Зерттеу дизайны – аралас әдіс. 2020-2021 оқу жылында сауалнамаға қатысқан студенттер саны – 194. 2021-2022 оқу жылында студенттер арасында фокус группа негізінде үш сұхбат жүргізілді. Қатысушылар саны – 11. Сұхбат сұрақтары сауалнама жауаптарының негізінде құрастырылды. Зерттеу нәтижесі, студенттердің басым көпшілігі, яғни 92% (178) жобаны орындаудың ұнағанын пайымдаған. Фокус группа сұхбатында, топ болып мәселелерді бірігіп шешкендері, қосымша ақпарат іздеу жолдары, студенттер арасында сауалнама өткізу үрдісі қызықты әрі тез өткендігін баяндайды. Қалған 11% (21) жоба дайындау көңілден шықпады, яғни қиыншылықтар болғанын көрсеткен. Себебін, фокус группа сұхбатында студенттер арасында көп келіспеушіліктер болды, топ арасындағы студенттер ынтасы төмен болды, жұмысты жақсы атқару емес, бәсекелестік сезімі басым болғанын айтты.

Автор өмірбаяндары

  • Ахметова Гүлдана Егеубаевна, Қарағанды медицина университеті

    PhD, қауымдастырылған профессоры, Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

  • Әли Меруерт Төлеуханқызы, Қарағанды медицина университеті

    ассистент профессоры, Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар