ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ ЖӘНЕ ҰСАҚ МАЛ АРАСЫНДА БРУЦЕЛЛЕЗ  АУРУЫНЫҢ ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

Авторлар

  • Мұстафин Батыржан Муафикұлы «ҚазҒЗВИ» ЖШС филиалы Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу станциясының меңгерушісі https://orcid.org/0000-0002-2925-3031
  • Барамова Шолпан Аузаровна «Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты» БҒҚ ЖШС
  • Ракецкий Виталий Анатольевич «ҚазҒЗВИ» ЖШС филиалының «Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу станциясы»
  • Әубәкіров Марат Жаксылыкұлы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.5226/KGTD253139

Кілт сөздер:

статистикалық, мониторинг, талдау, бруцеллез, эпизоотиялық жағдай

Аңдатпа

Мақалада жануарлардың бруцеллезіне қарсы эпизоотияға қарсы шаралар жүйесіне талдау 
жасалған. Қостанай облысының әр түрлі аурушаңдық дәрежесі бар аудандарында ауыл шаруашы
лығы жануарлары мен адамдардың бруцеллез ауруына мониторингтік, эпизоотологиялық және 
серологиялық зерттеулер ұсынылды. Қостанай облысы бойынша 2024 жылдың 12 айы мен 2023 
жылдың сәйкес кезеңіне жануарлардың бруцеллезінің эпизоотиялық жағдайына талдау жасалды. 
2024 жылы Қостанай облысының 17 ауданында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруы әртүрлі 
дәрежеде тіркелді. Ірі қара малдың бруцеллезбен ауыруы облыстың келесі 4 ауданында байқалды: 
Ұзынкөл – 1,5 %, Әулиекөл – 1,2, Науырзым – 1, Қамысты – 1 %. Ұсақ малдың бруцеллезбен ауыруы 
Әулиекөл ауданында тіркелді, бұл 1,4%-ды құрайды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1%-ға жоғары. 
Инфекциялық аурулардың алдын алуда аймақтық эпизоотиялық үдерісті зерттеу ерекше маңызға 
ие. Бұл белгілі бір аумақта, нақты табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай
ларда аурулардың таралу ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер 
эпизоотиялық үдерісті басқарудың сенімді негізі ретінде тиімді қарсыэпизоотиялық шараларды 
әзірлеу мен енгізуге жол ашады. Бруцеллез бойынша қазіргі эпизоотиялық жағдайды, әсіресе, жан
жақты талдау қажет. Ауру ошақтары туралы ақпараттың сапасын арттыру, жүйелеудің, жал
пылаудың және зерттеудің бірыңғай әдістерін әзірлеу бруцеллездің эпизоотиялық процесінің 
сыртқы жағын, оның формасын, заңдылықтарын, тенденциялары мен көріну ерекшеліктерін ашуға 
мүмкіндік береді, бұл бруцеллез инфекциясының қауіп факторларын бақылауға мүмкіндік береді. Сыни 
бақылау нүктелерін үнемі бақылау бұл инфекцияның таралуын тоқтатуға және дами бастағанға 
дейін тоқтатауына көмектеседі. 

Автор өмірбаяндары

  • Мұстафин Батыржан Муафикұлы, «ҚазҒЗВИ» ЖШС филиалы Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу станциясының меңгерушісі

    ветеринария ғылымдарының докторы,  «ҚазҒЗВИ» ЖШС филиалы Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу станциясының меңгерушісі,

  • Барамова Шолпан Аузаровна, «Қазақ ғылыми зерттеу ветеринария институты» БҒҚ ЖШС

    биология ғылымдарының докторы, профессор

  • Ракецкий Виталий Анатольевич , «ҚазҒЗВИ» ЖШС филиалының «Қостанай ветеринария ғылыми-зерттеу станциясы»

    PhD докторы, аға ғылыми қызметкері

  • Әубәкіров Марат Жаксылыкұлы , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар