ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖАНУАР ӨНІМДЕРІНЕН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН S.AUREUS ИЗОЛЯТТАРЫНЫҢ  ТОКСИГЕНДІЛІГІН ЖӘНЕ АНТИБИОТИККЕ ТӨЗІМІДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ.

Авторлар

  • Чужебаева Гульжаган Джамбуловна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ
  • Мәлікзада Қаламқас Мәлікзадақызы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ
  • Байменов Бахыт Муратович «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ
  • Досова Алма Даулетжановна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/KGTD253194

Кілт сөздер:

Staphylococcus aureus, антибиотикке төзімділік, жануар өнімдері, энтеротоксиндер

Аңдатпа

Мақалада Қостанай облысы бойынша жануарлар өнімдерінен бөлініп алынған S. aureus-тың 
токсигенділігін және антибиотикке төзіміділігін зерттеу бойынша нәтижелер көрсетілген. 
Тағамдық токсикоинфекциялар патогенді тірі микроорганизмдердің және олардың токсинде
рінің әсерінен дамиды. Бұл токсиндер микроағзалардың өздері арқылы өндіріледі немесе олардың жойылуы кезінде бөлінеді. Тағам арқылы таралатын ең қауіпті патогенді бактериялардың бірі – S.aureus, өйткені олар барлық елдер мен өңірлерде жоғары өлім-жітім деңгейіне әкелуге бейім екені 
көптеген еңбектер мен ғылыми зерттеулерде анықталған. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Қостанай облысы аумағында жануарлардан алынатын өнімдерден бөлініп алынған S.aureus-тың токсигенді штаммдарына мониторинг жүргізу, энтеро
токсиндерді иммунды-ферменттік талдау (ИФТ) әдісімен анықтау, биоқабықша түзілу қабілетін 
және антибиотиктерге төзімділік деңгейін зерттеу болып табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижелерінде жануарлар өнімдерінен таңдалған 178 сынамадан, 
S.aureus-тың 40 штаммы бөлініп алынды. Оқшауланған изоляттарды энтеротоксиндерге зерттеу барысында анықталған токсиндердің ең көп саны А және Д типтері болып табылады. А типті 
токсин 16 үлгіде (72,7%), Д типі 11 сынамада (50%) анықталды. БҚП тексеру барысында S.aureusтің изоляттары β - лактамдық антибиотиктерге және аминогликозидтерге ең жоғарғы төзіміділікті көрсетті. Сонымен қатар азықтан оқшауланған S.aureus изоляттарында биоқабықшаларды қалыптастыру қабілеті шамамен 45,5 % құрады. 

Автор өмірбаяндары

  • Чужебаева Гульжаган Джамбуловна , «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ

    ветеринария ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор,ҚБ ҒЗИ ғылыми қызметкері.

  • Мәлікзада Қаламқас Мәлікзадақызы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

     ветеринария ғылымдарының магистрі, ветеринарлық медицина бағыты бойынша 1 курс докторанты

  • Байменов Бахыт Муратович, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚЕАҚ

     ветеринария ғылымдарының магистрі, ҚБ ҒЗИ молекулалық-генетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі

  • Досова Алма Даулетжановна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    техника және технологиялар магистрі, ҚБ ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар