ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ РЕТРОСПЕКТИВАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕМЕСІ: ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚТАН STEM-БІЛІМ БЕРУГЕ ДЕЙІН
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2532275Кілт сөздер:
техникалық білім, политехникалық білім, STEM білім беру, өнеркәсіптік революция, техникалық білімнің даму тарихы.Аңдатпа
Мақаланың өзектілігі техника мен технологияның серпінді дамуының заманауи жағдайында техникалық білім беруді дамыту қажеттілігіне байланысты және Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарының мазмұнымен расталады. Мақалада Иоганн Генрих Песталлотсидің оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру идеясының пайда болуынан және оны іс жүзінде жүзеге асырудан бастап жеткілікті ұзақ тарихи кезеңде қалыптасқан және бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан техникалық білім беруді дамыту мәселесіне практик мұғалімдердің, зерттеушілер мен ғалымдардың қызығушылығы атап өтіледі. Өскелең ұрпақтың бойында техника мен еңбекке деген қызығушылықты дамыту қажеттілігі; еңбек дағдыларын, техникалық шығармашылық пен ойлауды ерте балалық шақтан бастап техникалық білім берудің тарихи дамуы мен қазіргі жағдайын зерттеудің өзектілігін арттырады. Мақаланың мақсаты: техникалық білім беруді дамытудың әдіснамасы мен тәжірибесін ретроспективті талдау нәтижелерін және оның қазіргі жағдайына теориялық талдау жасау, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі техникалық білім берудің негізінде жатқан әдістемелік тәсілдер. Ретроспективті талдау негізінде автор мақалада ұсынылған техникалық білім беруді дамытудың кезеңділігін құрастырды. Политехникалық және STEM білім берудің өзара байланысы мен айрықша белгілері негізделіп, STEM білім берудің әдістемелік негіздері ашылды.