МУҒАЛЖАР ТҰҚЫМЫНЫҢ ЕРТІС ЗАУЫТТЫҚ ТИПІ МЕН АТАЛЫҚ ІЗДЕРІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕТ-СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/KGTD2531118Кілт сөздер:
тұқым, өлшемдер, тірі салмақ, аталық із, сүттілік, сойыс шығымы, ет ұшасыАңдатпа
1998 жылы Қазақстан ғалымдары мен мамандарының селекциялық-асылдандыру жұмыстары нәтижесінде жабы типіндегі қазақ жылқыларын таза тұқымды әдіспен өсіру және жетілдіру негізінде муғалжар жылқы тұқымы құрылды. Муғалжар тұқымды жылқылар негізгі қазақ жылқыларынан тірі салмағының жоғары болуымен және ірі өлшемдерімен ерекшеленеді. Тұқым қалыптастыру барысында алғаш рет отандық табындық жылқы шаруашылығында зоотехникалық тәжірибеде ғалым-көнекөз С. Рзабаев жоғары өнімді Зубр мен Бархат айғырларының зауыттық аталық іздерін құрып, КСРО Министрлігіне бекіткен. Бұл аталық іздердің әлемде баламасы жоқ. Муғалжар тұқымды жылқылар жабы типіндегі қазақ жылқыларымен салыстырғанда ірі дене өлшемдері мен тірі салмаққа ие: айғырларының өлшемдері 145-153-185-20,0 см, салмағы 520 кг, биелері тиісінше 143-151-182-19,5 см, салмағы 490 кг. Муғалжар тұқымының экстерьерлік артықшылықтарына: ірілігі, дене бітімінің үйлесімділігі, мықты конституциясы, сүйектілігі, аяқтарының дұрыс құрылысы және жақсы түктілігі жатады.
Тұқымды жетілдіру барысында бірнеше жоғары өнімді типтер мен зауыттық линиялар құрылды, олардың ішінде Ертіс зауыт типі мен Заман және Бақай аталық іздері бар.