ӘРТҮРЛІ ЖАНУАРЛАР МАЙЛАРЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Авторлар

  • Жанабаева Динара Кабдуллаевна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Айткожина Ботагоз Жанбыршевна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Мурзакаева Гульмира Калихановна «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»
  • Ергазина Асель Михайловна «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254123

Кілт сөздер:

жануар майы, сараптама, қауіпсіздік талаптары, сынама, балқу температурсы

Аңдатпа

Әртүрлі жануалар майлары - ет комбинаттарында жануарлардың ұшаларын өнеркәсіптік өңдеу барысында алынатын және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын мал шаруашылығы өнімдерінің бірі болып табылады. Зерттеу барысында сиыр, жылқы және қой майларының физика-химиялық көрсеткіштері салыстырмалы түрде зерттелді; майдың түрлі бүліну түрлерін ескере отырып, оны сақтау мерзімінің оңтайлы уақыты және тағамдық қасиеттерін сақтау үшін ақауларды залалсыздандырудың тиімді тәсілдері анықталды. Бұл зерттеуде сиыр, қой және жылқы майларының физика-химиялық қасиеттері салыстырмалы түрде қарастырылды. Сиыр майының балқу температурасы – 50,37±0,42 °C, ол қой майына (47,53±2,19 °C) қарағанда және мемлекеттік стандартпен салыстырғанда 1,76% жоғары екені анықталды. Бұл сиыр майында пальмитин мен стеарин тәрізді қаныққан май қышқылдарының көп болуымен түсіндіріледі. Жылқы майының балқу температурасы төмен (33,80±1,15 °C), себебі оның құрамында олеин қышқылы басым. Сыну көрсеткіші барлық үлгілерде нормаға сәйкес келеді, тек қой майының 3 сынамасында аздаған ауытқу байқалды. Ылғалдылық бойынша ең жоғары көрсеткіш қой майында (0,277±0,014%) тіркелді, бұл сақтау кезінде зең мен микроорганизмдердің дамуына ықпал етуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері жануар майларының сапасын бағалауда олардың физика-химиялық көрсеткіштерін ескеру қажеттігін дәлелдейді.

Автор өмірбаяндары

  • Жанабаева Динара Кабдуллаевна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    PhD, ветеринариялық санитариялық кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

  • Айткожина Ботагоз Жанбыршевна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық санитариялық кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.

  • Мурзакаева Гульмира Калихановна, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті»

    PhD, ветеринариялық санитариялық кафедрасының аға оқытушысы

  • Ергазина Асель Михайловна, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

    PhD докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры ассистентінің м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар