ЖЫЛҚЫ РИНОПНЕВМОНИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУҒА АРНАЛҒАН АНТИГЕНДЕРДІ АЛУ ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Алексеенкова Светлана Валерьевна Федералдық ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері,РҒА К.И. Скрябин және Я.Р. Коваленко атындағы Бүкілресейлік эксперименттік ветеринария ғылыми-зерттеу институты
  • Құттымұратова Құралай Бисенқызы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» https://orcid.org/0009-0005-8072-1477
  • Сансызбай Абылай Рысбайұлы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» https://orcid.org/0000-0001-8154-4672
  • Нусупова Салтанат Тлектесқызы «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» https://orcid.org/0000-0002-3706-7802

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631017

Кілт сөздер:

ринопневмония, жылқы герпесвирусы, ВГЛ-1, антигендер, серологиялық реакциялар, ИФА, центрифугалау

Аңдатпа

Иммуноферменттік талдау әдісі арқылы жылқы ринопневмониясын, яғни жылқылардың вирус­тық іш тастауын диагностикалауға арналған антигендерді алу тәсілдері зерттелді. Зерттеу сатылы центрифугалау және полиэтиленгликольмен тұндыру әдістеріне негізделді. Материал ре­тінде СПЭВ жасуша дақылында өсірілген 1-типті жылқы герпесвирусының СВ/69 вакциналық штам­мы пайдаланылды. Вирустың инфекциялық титрі 6,5 lg ТЦД₅₀/мл құрады. Ең жоғары тазартылған антиген бос вириондардан сатылы центрифугалау және сахароза тығыздық градиентінде қосымша тазарту арқылы алынатыны анықталды. Алайда бұл әдіс көп уақытты, материалдық шығындарды және арнайы жабдықты қажет етеді, сондай-ақ шығымы төмен: 105 мл бастапқы вирусқұрамды суспензиядан 400 мкл антиген алынды. Вирустың жасушамен байланысқан фракциясынан алынған антигеннің шығымы жоғары болды – 650 мкл, бірақ оның құрамында жасушалық қоспалар көбірек кездесті. Полиэтиленгликольмен тұндыру әдісі технологиялық тұрғыдан қарапайым және антиген­нің жоғары шығымын қамтамасыз етті – 125 мл суспензиядан 1,5 мл. Дегенмен алынған препарат ИФА үшін жарамсыз болып шықты, бірақ гемагглютинацияны тежеу реакциясында тиімділік көрсетті. Алынған нәтижелер ВГЛ-1 антигенін алу әдісін оның диагностикалық қолданылу мақса­тына сәйкес таңдау қажеттігін көрсетеді және жылқы ринопневмониясын диагностикалау үшін ВГЛ-1 антигендерін алу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

Автор өмірбаяндары

  • Алексеенкова Светлана Валерьевна, Федералдық ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері,РҒА К.И. Скрябин және Я.Р. Коваленко атындағы Бүкілресейлік эксперименттік ветеринария ғылыми-зерттеу институты

    биология ғылымдарының кандидаты

  • Құттымұратова Құралай Бисенқызы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    ветеринария магистрі

  • Сансызбай Абылай Рысбайұлы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    ветеринария ғылымдарының докторы, биологиялық қауіпсіз­дік кафедрасының профессоры

  • Нусупова Салтанат Тлектесқызы, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»

    ветеринария ғылымдарының кандидаты, жануарлар фар­макологиясы және патологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Ветеринарлық ғылымдар