ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ІСІНІҢ «ТУРГАЙСКАЯ ГАЗЕТА» МАТЕРИАЛДАРЫНДА ДЕРЕКТЕЛУІ(ХІХ Ғ. СОҢЫ – ХХ Ғ. БАСЫ)

Авторлар

  • Исенов Өтеген Ихсанович Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Ихсан Данияр Өтегенұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Джумашев Аскар Мамбетович Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы

DOI:

https://doi.org/10.52269/SEPT2631271

Кілт сөздер:

Торғай облысы, «Тургайская газета», денсаулық сақтау ісі, медицина тарихы, індеттермен күрес, дәрігерлік учаскелер, Ахмет Байтұрсынұлы

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Торғай облысындағы денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасу ерекшеліктері, санитарлық саясаттың бағыттары мен індеттерге қарсы күрес шаралары «Тургайская газета» (1895–1910 жж.) материалдары негізінде кешенді деректанулық тұрғыда қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – өңірдегі негізгі ресми мерзімді басылым деректері арқылы Торғай облысындағы емдеу ісінің жай-күйін, медициналық инфрақұрылымның құрылуын және дәстүрлі емшілік пен еуропалық медицинаның арақатынасын айқындау болып табылады. Зерттеу міндеттері: басылым беттеріндегі денсаулық сақтау тақырыбындағы нормативтік және есептік құжаттарды жүйелеу; шешек, оба, тырысқақ індеттерінің таралуын саралау; Орынбор фельдшерлік мектебінің алғашқы қазақ мамандарын даярлаудағы рөлін анықтау; Ақтөбе және Қостанай уездерінің 1-ші және 3-ші дәрігерлік учаскелерінің тыныс-тіршілігіне талдау жасау. Газет мәліметтері мен ҚР Орталық мемлекеттік архивінің деректері негізінде өлкедегі медициналық желінің халық мүддесінен гөрі, империяның әскери қауіпсіздігі мен «санитарлық қалқан» құру мақсатына бағындырылғаны дәлелденген. 46 мыңнан астам тұрғыны бар Қостанай уезінің 3-дәрігерлік учаскесі мысалында өлкедегі дәрігерлік кадр тапшылығы көрсетілген. Мерзімдік басылым бетіндегі жас ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 1896 жылғы куәгерлік жазбасы арқылы қазақ халқының кәсіби медицинаға зор ықылас танытқаны анықталған. «Тургайская газета» басылымында жарияланған этномедициналық зерттеулерге талдау жасалып, қазақтың халықтық ем-домының (шұжыққа түсіру, мыңдуан шөбі, бас уқалау) ғылыми медицинамен (А. Паре, Н. Пирогов хирургиясы) сабақтастырылғаны анықталды. Түйіндей келгенде, «Тургайская газетаның» өлке тарихын зерделеудегі деректік маңызы тұжырымдалған.

Автор өмірбаяндары

  • Исенов Өтеген Ихсанович, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры

  • Ихсан Данияр Өтегенұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    2-курс магистранты, «7M01601 –Тарих» білім беру бағдарламасы

  • Джумашев Аскар Мамбетович, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы

    тарих ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Қарақалпақстан бөлімінің Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты тарих бөлімінің меңгерушісі

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02