ХИМИЯНЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҚАҒИДАТТАРЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • Есімханова Куттыкыз Қанышқызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті
  • Узакова Асем Бақытжанқызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті
  • Баймагамбетова Айгуль Сайлауовна Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542106

Кілт сөздер:

тұрақты даму мақсаттары, химияны оқыту, зерттеушілік құзыреттілік, жобалық оқыту, экологиялық сана, жоғары білім.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында химия пәнін тұрақты даму қағидаттарына негіздеп оқытудың маңыздылығы қарастырылады. Білім беру жүйесі тұрақты даму идеяларын іске асыруда шешуші рөл атқарады. Осы тұрғыда химия пәнін оқытуда экологиялық және әлеуметтік жауапкер­шілікті қалыптастыратын әдістемелік тәсілдерді қолдану өзекті болып отыр. Қазіргі заманауи білім беру жүйесі студенттердің тек теориялық білімін ғана емес, сонымен қатар экологиялық са­насын, ғылыми-танымдық құзыреттілігін және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруды мақ­сат етеді. Химия пәніне тұрақты даму мақсаттарын кіріктіру арқылы білім алушылардың жа­һандық мәселелерге деген қызығушылығын арттыруға және олардың жүйелі әрі сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Зерттеу Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия кафедрасын­да ұйымдастырылып, педагогикалық эксперимент түрінде жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысына химияның ғылыми бағыты бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері қамтылды. Оқу үдері­сінде интерактивті оқыту әдістері, химиялық модельдеу, жобалық тәсілдер және пәнаралық байланыстар қолданылды. Сонымен қатар, сауалнама, бақылау, теориялық шолу және практика­лық тапсырмалар әдістеменің тиімділігін бағалау құралы ретінде пайдаланылды. Зерттеу нәти­жесінде студенттер өз ғылыми жобаларын тұрақты даму мақсаттарымен ұштастырып, маңыз­ды экологиялық және әлеуметтік мәселелерге арналған шығармашылық шешімдер ұсынды. Олар жобаларын сәтті қорғап, ғылыми негізделген нәтижелерге қол жеткізді. Бұл олардың пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырып қана қоймай, зерттеушілік дағдыларының қалып­тасуына да оң әсерін тигізді. Ұсынылған әдістеме оқу процесін мазмұндық жағынан байытып, бола­шақ мамандарды жан-жақты дамытуда тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Есімханова Куттыкыз Қанышқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті

    докторант

  • Узакова Асем Бақытжанқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті

    PhD, аға оқытушы

  • Баймагамбетова Айгуль Сайлауовна, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагоги¬калық университеті

    докторант

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар