ЖАЗДЫҚ АРПАНЫҢ СОРТҮЛГІЛЕРІН КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2541182Кілт сөздер:
дән, гибрид, сорт үлгілері, стандарт, өнімділікАңдатпа
Жаздық арпа өнімділігінің элементтерін зерттеудің өзектілігі ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген. Дәнді дақылдар нарығында өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін агротехникалық тәсілдер мен селекциялық жетістіктерді оңтайландыру маңызды аспект болып табылады. Жаздық арпаның морфологиялық және биологиялық элементтері туралы деректерді талдау және өңдеу оның өнімділігіне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға, сондай-ақ оларды арттыру әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Үлкен деректердi талдау мен модельдеудiң қазiргi заманғы технологиялары өнiмдiлiктi неғұрлым дәл болжау мен ресурстарды басқару үшiн жаңа мүмкiндiктер ашады. Зерттеудің маңыздылығы өнімділік элементтерін тиімді пайдалану шығындарды төмендетуге, дақылдардың қолайсыз жағдайларға тұрақтылығын арттыруға және фермерлік шаруашылықтардың кірістілігін ұлғайтуға ықпал ететіндігінде. Бұдан басқа, мұндай зерттеулердің нәтижелері агротехнологиялық ұсынымдарға енгізілуі мүмкін, бұл агрономиялық ғылым мен практика деңгейін арттырады. Тақырыптың өзектілігі ауыл шаруашылығы жүйелерін өзгермелі климаттық жағдайларға және нарықтық талаптарға бейімдеу қажеттілігімен расталады. Жалпы, жаздық арпаның өнімділік элементтерін зерттеу ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізуге ықпал ететін қазіргі заманғы аграрлық ғылымның маңызды бағыты болып табылады.

