БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ФАРМАКОКИНЕТИКАСЫ МЕН УЫТТЫЛЫҒЫН БОЛЖАУ ҮШІН ADMETlab-3.0 ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Ергалиева Эльмира Мурзабаевна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Хамит Айзат Жұмабекқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Закириянова Гульдана Болатбековна Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Кольбаева Жайна Жанибекқызы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG254284

Кілт сөздер:

ADMETlab-3.0, фармакокинетика, уыттылық, ADME, компьютерлік химия

Аңдатпа

Фармацевтикалық химия мен компьютерлiк моделдеудi дамытудың қазiргi жағдайларында химиялық қосылыстарды әзiрлеудiң бастапқы кезеңдерiнде олардың фармакокинетикалық және токсикологиялық қасиеттерiн бағалау аса маңызды мiндет болып табылады. Бұл мақалада ADME негізгі параметрлерін (абсорбция, бөлу, метаболизм, экскреция) және дәрілік молекулалардың уыттылығын болжау үшін студенттер мен магистрант-химиктердің білім беру процесінде ADMETlab-3.0 құралын қолдану қарастырылады. Зерттеудің мақсаты студенттер мен магистранттарды оқытуда ADMETlab-3.0 пайдалану тиімділігін талдау, сондай-ақ оның компьютерлік модельдеу құралдарымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастырудағы рөлін бағалау болып табылады. Міндеттерге студенттер үшін платформаны пайдалану бойынша практикалық нұсқаулықты әзірлеу, оның мүмкіндіктерін тестілеу және білім беру процесіне әсерін талдау кіреді. Зерттеу әдістері компьютерлік моделдеуді, ADME/Tox болжамды параметрлерін талдауды, студенттердің сауалнамаларын және олардың оқуға қанағаттанушылығын зерделеуді қамтиды. Платформамен жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулық, ADMETlab-3.0 білім беру бағдарламаларына ықпалдастыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдардың үлгілері ұсынылды. Нәтижелер ADMETlab-3.0 пайдалану студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытуға, деректерді түсіндіруге және сыни ойлауды дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Сауалнама қанағаттанудың жоғары деңгейін растады, бірақ қосымша құрылымдалған материалдарға қажеттілікті анықтады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы білім беруде цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсетуден, ал практикалық маңыздылығы - оларды оқу процесіне ықпалдастыру әдістемесін әзірлеуден тұрады. ADMETlab-3.0 қосылыстардың фармакокинетикалық қасиеттерін бағалауды жеңілдететін және компьютерлік химия саласындағы мамандарды даярлауға ықпал ететін қуатты құрал болып табылады.

Автор өмірбаяндары

  • Ергалиева Эльмира Мурзабаевна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    PhD, жаратылыстану-ғылыми пәндері кафедрасы профессорының ассистенті

  • Хамит Айзат Жұмабекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    «7M01503-Химия» ББ-ның 2-курс магистранты

  • Закириянова Гульдана Болатбековна, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    «7M01503-Химия» ББ-ның 2-курс магистранты

  • Кольбаева Жайна Жанибекқызы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті

    «7M01503-Химия» ББ-ның 2-курс магистранты

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар