АБАЙ ПОЭЗИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ПЕН МОРАЛЬДЫҚ САНАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Тумабаева Мадина Болатовна І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті https://orcid.org/0000-0003-2838-6067
  • Есимбекова Динара Болатовна І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Асылова Раушан Омаровна І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/SRDG2612308

Кілт сөздер:

гуманизм, кәсіби лексика, құқықтық мәдениет, моралдық сана, терминология

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлы поэзиясындағы адамгершілік қағидалар негізінде студенттердің құқықтық мәдениеті мен моральдық санасын қалыптастырудың педагогикалық моделі ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – көркем мәтінді оқу үдерісіне кіріктіру арқылы тұлғаның құқыққа құрметін, заң алдындағы жауапкершілігін, ар-ұждандық сана-сезімін, моральдық рефлексиясын және этикалық ойлау қабілетін дамыту тетіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу. Зерттеу барысында салыстырмалы әдеби талдау, терминологиялық диктант, кейстік және рефлексиялық тапсырмалар қолданылды, сондай-ақ құқықтық-психологиялық аспектілерді ықпалдастыратын STEAM және CLIL технологиялары тиімді пайдаланылды. Эксперимент «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері арасында өткізілді. Нәтижелер құқықтық мәдениеттің когнитивтік, аффективтік және мінез-құлықтық компоненттерінің даму динамикасын көрсетті. 32% студент – өте жоғары деңгейде, 46% – жақсы деңгейде. Абай шығармаларындағы «Ар», «Әділет», «Ұят», «Ынсап», «Рақым» ұғымдары кәсіби құқықтық терминологиямен сабақтасып, құқықтық сана мен тұлғалық жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді құралы ретінде дәлелденді. Зерттеу Абай поэзиясын құқықтық тәрбие беру үдерісінде пәнаралық, гуманистік және тұлғалық-бағдарлы оқыту аясында қолданудың тиімділігін, әдеби мәтінді заманауи педагогикалық технологиялармен біріктірудің практикалық үлгісін көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында әдебиет пен құқықтық тәрбие арасындағы пәнаралық байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен құндылықтық бағдарын қалыптастыруға маңызды педагогикалық негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Тумабаева Мадина Болатовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    PhD докторант

  • Есимбекова Динара Болатовна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    PhD  докторант

  • Асылова Раушан Омаровна, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

    филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-04-07

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар