ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ИНТЕГРАЦИЯСЫ КОНТЕКСТІНДЕ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Авторлар

  • Каленова Арайлым Серікбаевна Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Нұрбаева Аида Мұхтарқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Қадырбаева Бағдагүл Ахмадиевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.52269/NTDG2542135

Кілт сөздер:

академиялық ұтқырлық, халықаралық ынтымақтастық, жоғары білім, студенттер, интернационализация, білім беру интеграциясы, алмасу

Аңдатпа

Зерттеу жұмысының өзектілігі Қазақстандағы академиялық ұтқырлықтың жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудағы стратегиялық рөлін және оның халықаралық білім беру кеңістігіне ықпалдасу үдерістеріне әсерін анықтау қажеттілігімен айқындалады. Мақсаты – Қазақстан студенттерінің академиялық ұтқырлығының жай-күйін кешенді талдау, негізгі үрдістерін, барьерлерін және даму перспективаларын айқындау. Міндеттеріне нормативтік-құқықтық және институционалдық базаны талдау, статистикалық және сапалық деректер негізінде ұтқырлықтың шығушы, кіріс және виртуалды түрлерінің ерекшеліктерін бағалау, білім беру, зерттеу және мәдени әсерлерін анықтау, тәуекелдер мен шектеулерді белгілеу және даму стратегияларын ұсыну кіреді. Әдіснамалық негізі – аралас әдістер: сандық талдау (ENIC, OECD, EHEA деректері), сапалық зерттеу (25 студентпен және 12 қызметкермен сұхбат, 4 фокус-топ), контент-талдау және салыстырмалы талдау. Нәтижелер академиялық ұтқырлықтың қатысушылардың үлгеріміне, зерттеу белсенділігіне және мәдени құзыреттіліктеріне оң әсерін, бірақ өңірлік теңсіздік пен институционалдық олқылықтардың сақталатынын көрсетті. Ғылыми жаңалығы – ұтқырлықты тұрақты даму факторы ретінде кешенді бағалау және көпдеңгейлі басқару үлгісін ұсыну. Практикалық маңызы – ұсыныстар ұлттық және университеттік деңгейде ұтқырлықтың тиімділігін арттыруға және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға бағытталған.

Автор өмірбаяндары

  • Каленова Арайлым Серікбаевна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    PhD докторанты, 8D01103-Педагогика және психология БББ

  • Нұрбаева Аида Мұхтарқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторы, қауымдастырылған профессоры

  • Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    PhD докторы

  • Қадырбаева Бағдагүл Ахмадиевна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-01-08

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар