ҚЫТАЙ ТІЛІН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ЖИІ ШАТАСТЫРАТЫН СӨЗДЕРДІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕР РЕТІНДЕ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/NTDG2542278Кілт сөздер:
қытай тілі лексикологиясы, жиі шатастырылатын сөздер, синонимдер және мағынасы жақын сөздер, аудармасы ұқсас сөздер, дыбысталуы бірдей немесе ұқсас сөздер, қателерді талдау, педагогикалық ұсынымдарАңдатпа
Лексиканы меңгеру шет тілі ретінде қытай тілін оқытудың маңызды бөлігі болып табылады. Студенттердің сөздік қорды меңгеру деңгейі олардың коммуникациялық қабілетіне тікелей әсер етеді. Алайда, қытай тілін меңгерудің қиындығы тілдегі көптеген омонимдер, синонимдер және мағынасы жақын сөздердің болуынан, сондай-ақ жалпы тілдік лексикалық жүйесінің өте бай және күрделі болуынан туындайды. Бұл шет тілі ретінде қытай тілін оқитын халықаралық студенттер үшін шынымен де айтарлықтай қиындықтар тудырады. Атап айтқанда, олардың сөздік қоры өскен сайын олар шатастырыруға алып келетін сөздерге жиі кездеседі. Сонымен бірге, қазіргі заманғы шет тілі ретінде қытай тілін оқыту әдістемесінде ана тілі орыс немесе қазақ тілді білім алушылар үшін жиі шатастырылатын сөздер мәселесіне арналған зерттеулер өте аз. Бұл зерттеуде авторлар 2-3 жылдан астам уақыт бойы қытай тілін оқып келе жатқан Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері мысалында бұл мәселені зерттеуді мақсат етеді. Осы мақсатта авторлар айтылым кезінде туындайтын қиындықтар, жазылуы ұқсас, мағынасы жақын және т.б. себептерінен болатын лексикалық қателердің түрлерін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Салыстырмалы талдау және студенттердің қателерін талдау теориясы негізінде зерттеушілер белгілі бір қате түрлерін жіктеп жасады. Бұл зерттеудің нәтижелері Қазақстан студенттерінің шет тілі ретінде қытай тілін меңгеру үрдісін жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.

