АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ НЕГІЗГІ ДАҒДЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.52269/

Кілт сөздер:

сыни ойлау, ақпараттық құзыреттілік, цифрлық сауаттылық, цифрлық технологиялар, интерактивті әдістер

Аңдатпа

Цифрлық ортада ақпаратты іздеу, бағалау, жүйелеу және этикалық тұрғыдан пайдалану студенттердің академиялық әрі кәсіби даярлығының маңызды құрамдасына айналды. Зерттеудің мақсаты – педагогикалық бағытта білім алатын студенттердің ақпараттық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау және оны жетілдіруді қажет ететін бағыттарды белгілеу. Пилоттық зерттеуге Астана халықаралық университетінің Педагогика және психология кафедрасында білім алатын 80 студент қатысты. Деректер ақпараттық құзыреттіліктің іздеу-ақпараттық, сын-талдамалық, технологиялық-операциялық, өнімді-шығармашылық және этика-нормативтік компоненттерін қамтитын авторлық сауалнама арқылы жиналып, сипаттамалық статистика әдістерімен өңделді. Жауаптар абсолюттік жиілік, пайыздық үлес және 95%-дық сенімділік аралығы негізінде талданды. Нәтижелер студенттердің жалпыға қолжетімді іздеу жүйелерін белсенді қолданатынын, алайда академиялық дерекқорлармен жұмыс істеу, мәліметтердің дұрыстығын тексеру және ақпаратты жүйелі ұйымдастыру тәжірибесінде белгілі бір қиындықтар бар екенін көрсетті. Сонымен қатар олардың өз дағдыларына берген бағасы нақты ақпараттық әрекеттерімен әрдайым сәйкес келмейтіні анықталды. Алынған тұжырымдар оқу үдерісінде ғылыми дереккөздерді іріктеу, ақпараттың сенімділігін бағалау, цифрлық ресурстарды басқару және академиялық этиканы сақтау дағдыларын практикалық тапсырмалар арқылы дамытудың маңыздылығын негіздейді. Зерттеу нәтижелері кең көлемде жалпылауды емес, кейінгі ауқымды зерттеулерде тексеруді қажет ететін бастапқы үрдістерді сипаттайды.

Автор өмірбаяндары

  • Ырымбаева Нургуль Алдажаровна, Астана халықаралық университеті

    Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, PhD

  • Серикбаева Нургуль Бейсембековна, Шәкәрім университеті

    педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессорының м.а., PhD

  • Сулейменова Жансая Токтаровна, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

    "Педагогика және психология" білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, PhD

  • Ахтанова Салтанат Кубейбековна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    педагогика  ғылымдарының  кандидаты,   педагогика кафедрасының доцент м.а.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-10-02

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар