БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДА ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_75Кілт сөздер:
білім беру , педагогика, физика, толықтырылған шынайылық, оқытудың интерактивті әдістеріАңдатпа
Мақалада PhysicsARLab деп аталатын толықтырылған шынайылықты қолдану арқылы физиканы оқытудың әсерін зерттеу нәтижелері сарапталған. Толықтырылған шынайылық зертханасын мұғалім ғана басқарады және оқушылар әзірленген зертханаға ұялы телефондары арқылы ерін қосыла алады. Барлық қатысушылар толықтырылған шынайылық зертханасымен өзара қатынасып әрекеттесе алады және олардың әрекеттерін нақты уақытта мұғалім де, сыныптастары да кедергісіз бақылай алады. Ұсынылған жүйені бағалау үшін 60 қатысушының (30 ұл және 30 қыз) қатысуымен педагогикалық зерттеу жүргізілді. Қатысушылар екі академиялық топқа бірдей бөлінген 15 пен 17 жас аралығындағы тоғызыншы және оныншы сынып оқушылары болды. Зерттеу барысында тікелей және жанама бақылаулардың, сондай-ақ сандық және сапалық деректерді жинау үшін бірнеше сауалнамалардың комбинациясы жүйелі түрде әзірленді. Деректерді жіті талдау кезінде әртүрлі перспективалар, соның ішінде жүйенің ыңғайлылығы, оның бірлескен мүмкіндіктерінің тиімділігі және PhysicsARLab-қа әсері ескерілді. Зерттеу нәтижелері PhysicsARLab бірлескен толықтырылған шынайылық ортасының қолайлылығы мен әсері туралы ауқымды түсінік береді. Нәтижелер жүйенің ынтымақтастықты ілгерілетудегі тиімділігін, оның тәжірибе үшін қолайлылығын және PhysicsARLab үшін әлеуетті артықшылықтарын ашатынына көзімізді жеткізді.