STEM БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДАҒЫ МАТЕМАТИКАНЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_1_156Кілт сөздер:
математика, интеграция, пәнаралық көзқарас, модель, STEM білім беруАңдатпа
Соңғы онжылдықта ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) бойынша білімнің интеграциясына көбірек көңіл бөлінді. Негізгі және орта мектептің заманауи математика мұғалімі үшін STEM білім беруді дамытудағы оқу пәні ретінде математиканың рөлін түсіну маңызды.
Практикалық, мазмұнды және әртүрлі оқыту стратегиялары математиканы оқыту мен оқуда жоғары деңгейлі ойлау мен 21 ғасыр дағдыларын дамытуға көмектеседі.
STEM интеграциясы бойынша зерттеулер бастапқы кезеңде. Әзірге интеграцияланған STEM-де жеке пәндердің рөлі туралы нақты түсінік жоқ. Математика барлық басқа STEM пәндерінің негізі болып табылатыны кеңінен мойындалғанымен, оның интеграцияланған STEM білімінде төмен рөл атқаратындығы туралы дәлелдер бар.
Заманауи басылымдарға сүйене отырып, мақалада пәнаралық STEM білім берудегі математиканың рөлі нақтыланады, оның ішінде соңғы он жылда жүргізілген зерттеулердің қорытындысы мен талдауы; математикаға басты назар аудара отырып, STEM пәндерінің интеграциясы талқыланады (интеграцияланған STEM); интеграцияланған STEM-нің өнімді модельдері сипатталған, жалпы STEM білім беру және атап айтқанда математикалық білім адамдарды жиырма бірінші ғасырдағы шақыртуларға жақсырақ дайындауға қалай үлес қоса алатыны көрсетілген.