«МИҒА ШАБУЫЛ» – ТІЛДІК ЕМЕС МАМАНДЫҚТАР СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/Кілт сөздер:
топтық жұмыс, «миға шабуыл» технологиясы, мәселені шешу, шешім табу, идеяларды қалыптастыруАңдатпа
Мақалада тілдік емес мамандықтар студенттерінің ағылшын тілі сабақтарында топтық жұмыс әдісі ретінде «миға шабуыл» технологиясының ерекшеліктері көрсетілген. Зерттеудің мақсаты – "Есеп және аудит" мамандығының 1 курс студенттерінде топтық жұмысты ұйымдастыру процесінде осы әдісті қолдану бойынша жаттығуларды әзірлеу және сынақтан өткізу, ағылшын тілі сабақтарында «миға шабуыл» әдісін қолдану мәселесіне теориялық талдау жүргізу. Міндеттері: «миға шабуыл» ұғымын, оны ағылшын тілі сабақтарында ұйымдастыру принциптерін зерттеу, «миға шабуыл» кезеңдерін қарастыру, топтық жұмысты ұйымдастыру процесінде «миға шабуыл» әдісін қолдану бойынша жаттығулар жүйесін сынақтан өткізу. Эксперимент нәтижелері «миға шабуыл» технологиясын қолданған кезде, студенттер проблемалық жағдайды талқылау барысында өздерінің шығармашылық қабілеттері мен сыни ойларын қолданатынын көрсетті. Бұл әдіс шағын топта алынған тәжірибені талқылауға бағытталған. «Миға шабуыл» әдісін қолдану студенттердің сабақта қарым-қатынасын ынталандыруға, сондай-ақ өз идеяларын еркін білдіруге мүмкіндік береді. «Миға шабуыл» технологиясын қолдану студенттерге оқу материалын тезірек игеруге, студенттердің теориялық білімін практикамен байланыстыруға, стандартты емес мәселелерді шешу үшін студенттердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға, ми қызметін ынталандыруға және коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.