БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІБИ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУЫНА ЕРТЕ БЕЙІМДЕУГЕ ДАЙЫНДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_257Кілт сөздер:
бейімдеу, мамандық, кәсіби бағдар, статистика, еңбек, парадигмаАңдатпа
Зерттеу мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын ерте жастан мамандыққа бейімдеуге дайындаудың маңыздылығын зерттеу және ұсыну болып табылды.
Америкалық психологтар Джозеф Луфт пен Гарри Ингхам өздерінің Джо мен Гарри ойлап тапқан Джохари терезесі адамды жан-жақты қырынан тануына көмектеседі.
Джохари терезесі әрбір кәсіби маманның өзінің ролі туралы ойлануға көмектеседі.
Зерттеу мәселесін анықтауда алдымен болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларын
мамандыққа бейімдеуге дайындаудың өлшемдері мен көрсеткіштері зерделеніп, аталған өлшемдер мен көрсеткіштерге сәйкес эсксперимент жұмыстары жүргізілді.
Зерттеуге Ақтөбе қаласындағы Қызылжар орта мектебі, Мыржақып Дулатов атындағы №63 мектеп-лицейі қатысты. Бұл тұрғыда 2-сынып оқушыларымен жұмыс қарастырылған. Барлығы 8 сынып, 238 бала қатысты. Орташа жасы 7,6 жасты құрады (SD=95). Барлық балалар күндізгі сабақтарға қатысып, қолданыстағы академиялық топтарға бөлінді.
Зерттеу барысында студенттер кездейсоқ түрде әр академиялық сыныпқа 7 адамнан тұратын топтарға бөлінді. Осы топтар шеңберінде кәсіптік бағдар беру бағдарламасын оқыту және жүзеге асыру жүргізілді. Эксперименттің мақсаттарын ескере отырып, іріктеудің рұқсат етілген қателігі p=4.36 аспайды. Бұл мектеп оқушыларының қазіргі үлгісі осы зерттеудің
мақсаттары үшін репрезентативті болып табылатынын білдіреді.
Нәтижесінде сауалнама сұрақтарының рейтингі анықталып, сауалнаманың сенімділігі Кронбахтың альфа коэффициенті арқылы бағаланды.