МИНИМАЛДЫ ЖӘНЕ НӨЛДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ӨҢДЕЛГЕНТОПЫРАҚТЫҢ БАКТЕРИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_89Кілт сөздер:
минималды технология, нөлдік технология, метаген, 16s рРНҚ гендері, операциялық таксономиялық бірлік (ОТБ), өнімділікАңдатпа
Ауыспалы егісте топырақты өңдеудің екі жүйесі зерттелді:
- Минималды технология. Жаздың бірінші жартысында сүр жерді глифосаттың жалпы өлтіретін гербицидін және екіншісінде механикалық өңдеуді қолдану. Ауыспалы егістің астық алқаптарында аралас құралдарды қолдану, күзгі өңдеу алынып тасталды.
- Нөлдік технология. Механикалық өңдеу толығымен алынып тасталды. Тек анкерлік ашқыштармен жабдықталған сабан отырғызғыштармен тікелей себу жүргізіледі. Сүр жердегі арамшөптермен күресу тек глифосаттың жалпы гербицидін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ауыспалы егістің барлық танаптарында алқаптарында жұмсақ бида, себілді – сорты Омская 18, себу нормасы – 1 гектарға 3,5 миллион өнгіш тұқым.
Мақсаты: топырақ бактериобиомасының құрамы мен құрылымын анықтау және минималды және нөлдік өңдеу технологияларын салыстыру үшін метагеномдық ДНҚ үлгісімен күшейтілген 16s рРНҚ гендік фрагменттерінің әртүрлілігін салыстырмалы талдау және бидай өнімділігі мен сапасымен салытыру.
Тапсырма: әрбір үлгі үшін үлгілердің бактериобиомаларының биоәртүрлілігін дұрыс салыстыру мүмкіндігін анықтау үшін анықталатын ОТБ (операциялық таксономиялық бірлік) санының тізбектердің жалпы санына тәуелділігін талдау жүргізу.
Әр түрлі өңдеу әдістеріндегі топырақ үлгілерінің бактериобиомасының құрамы мен құрылымын бағалау бактериобиоманың негізгі компоненттерін және олардың оған қосқан үлесін анықтады.