ЖОҒАРЫ МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ-СИНТЕТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Токанов Мансур Маратович «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ https://orcid.org/0000-0003-3679-5485
  • Абдолдинова Гульсим Тулегеновна Қазақ технология және бизнес университеті
  • Ожибаева Замзагуль Манаповна «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ
  • Ибраева С.Н. «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ

DOI:

https://doi.org/10.52269/22266070_2024_2_72

Кілт сөздер:

аналитикалық-синтетикалық қызмет, ойлау операциясы, сыни ойлау, оқытушылық есептер жүйесі, математика, оқушылар

Аңдатпа

Зерттеу жұмыстың өзектілігі оқушылардың ойлау мәдениетін дамыту, оның өнімділігін арттыру олардың интегративті үйлесімділігі аналитикалық-синтетикалық әрекет ретінде көрі­нетін ақыл-ой әрекетінің, ақыл-ой операцияларының әдістерін игеруімен байланысты.

Педагог-психологтардың зерттеулеріне сүйенсек оқу үрдісінде аналитикалық-синтетика­лық белсенділікті дамыту талдау процестері мен синхрондау процесінің бірлігі ретінде қарасты­рады, сонымен бірге анализ, синтез және жалпылау операцияларын саналы түрде меңгеру сыни ойлаудың индикатері деп санайды. Ойлау операциялары және оларға негізделген әрекеттер ойлау­дың процедуралық сипатын көрсетеді, өйткені олар танымдық міндеттерді шешудің жалпыланған әдістері ретінде әрекет етеді. Аналитикалық-синтетикалық іс-әркетінің барысында алынған білім сапалы болады. Оқушылардың бойында белсенді және тәуелсіз танымдық іс-әрекет дағды­ларын қалыптасады. Анализ, синтез, салыстыру, жалпылау және абстракция сияқты танымдық әрекеттер аналитикалық-синтетикалық әрекеттерді құрайды.

Мектепте математика курсын жоғары математика элементтерін оқыту кезінде оқу материалдарының абстрактілігі, олардың анықтамасындағы күрделі логикалық құрылымы оқуға қиындық туғызады. Көптеген белігілі педагогтар мазмұндау әдісін дұрыс деп санамаған, білімділік пен белсенділік принциптерін насихаттаған. Оқушылар дайын ақиқат ұғымды қабылдамай, сол ақиқат ұғымды өздері қолданбалы бағыттағы есептер шығару барысында ашу керек деп жазған. Қолданбалы бағыттағы есептерді шешу аналитикалық-синтетикалық қызметтінің қалыптасып, дамуына ықпал етеді.

Автор өмірбаяндары

  • Токанов Мансур Маратович, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ

    «Математика» білім беру бағдарламасының докторанты

  • Абдолдинова Гульсим Тулегеновна, Қазақ технология және бизнес университеті

    педагогика ғылымдарының кандидаты,  ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті

  • Ожибаева Замзагуль Манаповна , «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ

    «STEM-де математиканы оқыту» білім беру бағдарламасының докторанты

  • Ибраева С.Н. , «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ

    педагогика ғылымдарының кандидаты,  физика-математика білім беру бағдарламалары кафедрасының оқытушы-дәріскері

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық ғылымдар