БЛОГИНГ МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ БРЕНДІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_179Кілт сөздер:
блог жүргізу, блогинг, жеке бренд қалыптастыру, мақсатты аудитория, мұғалімнің жеке брендіАңдатпа
Мақалада мұғалімнің жеке брендін қалыптастырудағы блог жүргізудің маңызы ашылған. Авторлар «блог жүргізу» ұғымын зерттей отыра, педагогикалық саладағы блог жүргізудің ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Блог жүргізудің практикалық аспектілерін, оның ішінде контент жасау стратегияларын, аудиториямен өзара әрекеттесуді және блогты кері байланыс және рефлексия үшін платформа ретінде пайдалануды қарастырады. Зерттеудің мақсаты мұғалімнің жеке брендін қалыптастыруда блог жүргізудің мүмкіндіктерін зерттеу болып табылады. Авторлар онлайн кеңістікте мұғалімнің жеке брендін сәтті қалыптастыруға әсер ететін негізгі факторларды анықтауға тырысады. Авторлар тұрақты блог жүргізудің мұғалімнің кәсіби қоғамдастықта танымалдылығын арттыратынын және жеке бренд құру стратегиясының негізгі элементі бола алатынын атап өтеді. Мақалада блогер-мұғалімдердің сауалнама нәтижелері келтірілген және кәсіби мақсаттарда блог жүргізуді пайдаланған кезде мұғалімдерде кездесуі мүмкін болатын қиындықтар мен сын-қатерлер талданады. Мақала қорытындысында авторлар өзгеріп отыратын цифрлық трендтерге бейімделу және жеке брендтің өзектілігін сақтау үшін тұрақты өзін-өзі оқыту қажеттілігіне назар аударады. Блог жүргізуді жеке бренд қалыптастыруда пайдаланудың сәттілігінің негізгі факторлары ретінде нақты мақсат қою, тұрақты контент-менеджмент, онлайн диалогқа нысаналы аудиторияны тарту, сондай-ақ тиімділік көрсеткіштерін үнемі бақылау мен талдау анықталды. Табысты блогер-мұғалімдер жоғары деңгейдегі мамандықтықты, шығармашылық көзқарасты контенттің мазмұнына және материалдарды ұсыну формасына, сондай-ақ аудиториямен белсенді өзара әрекеттесуді көрсетеді.