ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ЕУРОПАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.52269/22266070_2024_3_198Кілт сөздер:
дәстүр, диалог, моногол, ауызша сөйлеу, лексикалық бірліктерАңдатпа
Мақалада коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне мысалдар келтірілді. Бұл мәселені тиімді зерттеу бірқатар зерттеу әдістерін, атап айтқанда логикалық талдау, салыстырмалы талдау, формальды, ауызекі тілдегі сұхбат арқылы екі елдің ерекшеліктері са-лыстырылатын ақпараттар беріліп, сол арқылы білім алушылардың өздерінің пікірлері ескерілді. Функционалды әдіснамалық тәсіл арқылы мақаланың мақсаты мен міндеттері анықталды. Бұл зерттелетін мәселенің барлық аспектілерін толық ашуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жүйелі әдіснамалық тәсіл тікелей жұмыс үдерісінің негізін құрады. Бұл ретте, коммуникативтік құзырет-тілікті қалыптастырудың әдістеріне сараптама жасалды. Талдау әдісі арқылы зерттелетін мәселеге қатысты негізгі ұғымдар толық талданды. Салыстыру әдісі жұмыста маңызды орын алады, өйткені мақалада коммуникативтік құзыреттілікке мысалдар берілді, еуропалық термин-дерге түсінік берілді және оларды оқытуда,мысалдар келтіруде қазақ ұлттық наным-сенімдерін еске ала отырып, ұғындыру әдістері қолданылды. Білім алушыларға сауалнама жүргізіліп, оның нәтижелерінен өздеріне түйін жасату арқылы әдістемелік қорытынды жасалды. Бұл мақалада қарастырылған мәселелер қай ұлттың да өзіне тән ерекшеліктері өз биігінде қалуымен өзекті екеніне ерекше мән беріледі. Қазіргі таңда қазақ салт-дәстүрлерінің көмескіленіп бара жатқан түрлерін жаңғырту қолға алынып жатқандықтан бұл мақалада көрсетілген мәселелер өте өзекті деп айтуға болады.